Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет45/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   128
Байланысты:
Әбішев философия сканиров

§ 2. Диалектика жэне метафизика
Осыған дейін біз ойлаудың тәсілін танымның тәсілі деп қара- 
дық. Яғни ойлау мен танымды бір нәрсе, ол екеуі егіз деп түсінуді 
көрсеттік. Бүл бірақ, бүрын да айтқандай, батыс ойлау үрдісінің, оның 
дүниеге қатынасының үлгісі. Философияны ғылым, оның тәсілін де 
ғылыми тәсіл деп білу. Шығыстың дүниеге қатынасының өзгешелігін 
де айтқанбыз. Олардың барлығының негізінде адамдардың әртүрлі 
қүндылықтары жатыр дедік.
Диалектика мен метафизика осындай тәсілдер.
Дүниені толассыз озгерту, оны бүкіл түбінен қайта қүру, өз 
мүқтаждығына сай қайта жасап отыру, яғни дүниеден, әлемнен тек 
бір пайданы гана кору, оны түтынудың гана көзімен андау, сезіну, 
бүл - белгілі бір күндылық. Бүл батыста да, шыгыста да бар, бірақ 
батыстың дүниеге катынасында ол басым. Бүл түрғыдан таным ай- 
рықша мәнге ие болады. Соның нәтижесінде адам дүниеге үстем, ол 
өлемнің жалғыз иесі, кіндігі, бар дүние сол үшін жасалғандай, сол 
үшін болатындай ойлауға бейім етіп түрады. Диалектиканың негізінде 
дүниеге осындай қатынастың табы бар. Онда дүниеге танымның 
негізінде, дүниені озгерту процесінде ешбір тарихи шекті білмейтін 
толассыз озгеріске адамдық үмтылыс жатыр. Бүл үмтылыс диалекти- 
каның белгілі бір өзегі, бірақ бірден бір мазмүны емес. Бүл катынас 
бүтін табигатынан теріс нәрсе емес, тек өзінің шектен шыққан үмты- 
лысында, басқа катынастардың бәрін ыгыстырыи, алга шыққан да 
гана оның адамдық мәнді бүзатын багыты анық коріне бастайды.
Диалектика
терм ині ежелгі Грецияда (
dialektike)
ш ыққан. 
Алгашкы кезде диалектиканы әртүрлі иікірлес адамдардың өзара сүхба- 
ты, пікір таласы арқылы ақикатқа жетудің жолы 
(dialego
) деп түсінген. 
Аристотельдің айтуынша диалектиканы алгаш ойлап тапқан -Зенон. 
Аристотель оз философиясында диалектиканы ықтималдық пікірлер 
жөніндегі ілім деп, оны дөлелдеулер туралы ілімнен - аналитикадан - 
ажыратып қарайды.
Эрине, диалектика өмірдегі, табигаттагы бар нәрсеге зейін қоя- 
ды. Ол - табигаттагы, қогамдагы толассыз қозгалыс, озгеріс. Диалек­
тика үшін жалпы болмыстың өзі - процесс. Онда мөңгі түрақты еш 
нөрсе жоқ. Өмір жалпы - агым. Болмыста барлық қүбылыстар өзара 
тікелей не дәнекерлі байланыста. Ежелгі Грецияда мәселені осы 
магынада алгаш қойган Гераклит (б. д. д. VI г.). Элей қаласынан 
шыққан Зенон әрбір нәрсенің ішкі қайшылықта екенін алгаш ашты 
деуге болады. Ол қозгалыстың не екендігіне түңгыш логикалық тат- 
дау жасап, қозгалыс шын мәнінде жоқ деген түжырымга келген. Біздің
8 - 3 6 1
113


сезімдеріміз куәлігіне қарасақ бар сияқгы, бірақ 
а қ ь щ ц ы ң
дәлелдері 
қозғалыстық тыныштық қалыптардың жиынтығы екенін көрсетеді 
деген. Бұған біз қозғалыс туралы тақырыпта кеңірек тоқталамыз.
Диалектикалық ойлау тарихта үш кезенді бастап кешіруде.
Антика дәуірінің диалектикасы . Оны тұтастықтың немесе 
бүтіндіктің (целостность) диалектикасы деуге болады. Бүтіндіктің 
диалектикасында әлі даму идеясы жоқ. Антика дәуірінде философи- 
яның коптеген багыттары болды, олардың барлығына дерлік диалек- 
тикалық ойлау тэн. Толассыз козғалысты элеаттардан17 басқалары- 
ның бәрі де мойындайды, бірақозгеріс, әсіресе даму олардың ұғымына 
жат. Осы ерекшелік әсіресе Платонда айқьін. Платонның бүрын айтқан 
мәңгілік түпкі идеялары ешқандай өзгермек емес. Аспан денелері, 
мысалы, осындай мәңгі өзгермейтін нэрселер, себебі олардың та- 
биғаты рухани нәрсе, материалдық емес. Асиан денелері қатаң 
анықталган бір жолымен (орбитасымен) мәңгі қозғалыста. Қозғалыс 
бар, озгеру жоқ. Табиғаты неғүрлым жетілген, ягни ешбір кемдігі 
жоқ, түгастық өзгеруге тиіс емес. Тұрақтылық жетілгендіктің (совер­
шенство) белгісі. Тірі жәндіктер, әсіресе адамдар қатаң бір жолмен 
жүрмейді, олардың қозғалыс жолы бүралаңқы. Бүл олардың рухани 
табиғатының жетілмегендігін корсетеді. Олар кемдігі жок түтастыкты 
әлі таппаған. Сондықтан да олардың өмірі түрақсыз, өзгере береді. 
Платонның қоғамның мемлекеттік күрылыс туралы ілімі осындай 
жетілген, барлық қажетті боліктері түгел жүңені үсыну. Қоғамдық 
күрылыс мәңгі өзгермейтін болуға тиіс. Барлық нәрсе өзінің түпкі 
үғымына сай күрылса, ол өзгермейді.
Ең негізгі күндылық түрақтылыкта. Өзгермелілік - шексіз бақыт- 
сыздық. Жетілген бүтіндік, яғни қажет бөліктерінің бәрі де бар 
бүтіндік, мысалы қоғамдық күрылыс, адамдар үшін де, күдайлар үшін 
де ең негізгі игілік.
Бүтіндік, ол - бөліктердің ж әй жиы нтығы емес. Бүтіндік 
бөліктерді анықтайды. Бөліктің мәні сол бүтіндіктің қүрамындағы 
орнына байланысты, ал оны бүтіндік анықтайды, яғни сол бүтіндіктің 
идеясы. Бүтіндік, әрине, барлық уақытта қозғалыста, бірақол қозғалыс 
соның өзін үнемі қайта түзеп, қалпына келтіріп отыру керек.
Антика дәуіріндегі диалектикалық ой бүтіндіктің ішкі қайшы- 
лыкка күрылғанын, соған байланысты іштей терістеушілікке, қара- 
ма-қарсылықтардың бірі екіншісіне ауысып отыратынын да айтқан. 
Бүл әсіресе Гераклитке тән көзқарас. Антикалық диалектикалық иде- 
яда бар нәрсені бейнелеу болуға тиісті күндылықпен терең астасып 
жатыр. Оларда өмірдің өзінің қандай екенін гана емес, болуға тиісті
17 Ежелгі гректің Элей қаласынан шыққан ойшылдар
114


талабын да суреттейді. Мысалы, Платон үшін бүтіндіктің идеясы ең 
алдымен өзінің өмірлік мүратын іске асырудың жолы.
Диалектикалық ойлау тәсілінің классикалық кезеңі - XVIII, XIX- 
XX ғасырлар. Оның негізін салушылр - классикалық неміс филосо- 
фиясы, Маркстік диалектикалық ой. Бүл кезендегі диалектикалық 
ойлау концепциялары да әртүрлі принциптерге негізделген, бірақ 
оларды жақындастыратын негізгі ерекшеліктер: даму идеясы, іс-әре- 
кет, белсенділік принципі.
Антикалық дәуірмен Жаңа дәуір философиясын жақындасты- 
ратын идея - барлық болмысты, адамды коса, бір түтас ететін оның 
субстанциялық негізі. Ол субстанциялық негізді, әрине, бүрын да, 
жаңа дәуірде де әр ойшыл әртүрлі нәрселерден көрді. Бірақ субстан- 
цияның барлығына күмәнданған жоқ. Бүл түрғыдан даму идеясына 
сай қандай да болса түтастык, бүгіндік бір негізден орбиді. Барлығы 
да сол негіздің басқаша формалары. Түтастық туралы идея жаңа дәуірде 
де сақталады. Дүние жалпы түтастық. Жеке күбылыстар, нақты фор­
малар іштей байланысқан, толық дара, басқалармен ешбір байланы- 
сы жоқ қүбылыс болмайды, мүмкін емес. Тек олардың сабақтастыкта- 
ры сан түрлі, байланысудың табиғаттары да озгеше.
Жаңа дәуір диалектикасының өзгешелігі сол - дүние түтасымен 
алғанда да, жеке салаларын оқшау Караганда да үздіксіз даму жолын- 
да. Қозгалыс, өзгерістердің ішкі мәні - даму. Тек даму гана откен мен 
бүгінді, бүгін мен келешекті түтастыратын нәрсе.
Жаңа дәуірде, ягни буржуазиялык қатынастар мен онеркәсіптің 
айрыкша пәрменділікпен орістеуі танымның, гылымның когамдагы 
орнын барынша зорайтып, рухани өмірдің негізгі пішінін анықтау- 
шы күшке айналдырды. Ғылыми емес немесе оган қайшы келетін 
нэрселер түкке түрмайтын нәрседей багалана бастайды. Философия 
да өзін гылым деи қарап, өзін ғылыми нормалар мен өлшемдер арқылы 
қайта күруды мақсат етті.
Ғылыми ойлаудың негізгі объектісі болмыстагы заттар мен про- 
цестердің арасындагы қатаң себеп-салдарлық байланыстар болган- 
дықган ойлаудың сезімділік формалары онда негізгі орынға ие бола 
алмайды да, алға сезімдерден ада, таза болған логикалық формалар 
шығады. Ғылыми танымда ой мен ойдың арасындағы қатаң бірінен 
екіншісі міндетті түрде туындайтын катынастар жогары багаланады. 
Философиядагы ойдың еркін өрбуінің орнына ғылымдагыдай бүлтарт- 
пайтын түжырымдар мен негіздеу алға шықгы. Сиинозаның этиканы 
геометриялық ережелердей қүруы, Декарттың философиясын дәлел- 
деуді қажет етиейтін аксиомадан (“Мен ойлаймын, ендеше мен омір 
сүремін”) бастағысы келуі т. т. бүл дәуірде үйреншікті нәрсе. Бірақ 
ойлаудың сезім түгіл адамнан, тіпті табигаттан ада болган абсолюттік
115


формаларының бірінен бірі үдемелі өрбу жолымен түтас әлемдік си- 
стемаға айналуын іске асырған Гегель болды. Ол өз жүйесін филосо- 
фияның гылымга айналуының шегі деп қарады. Тіпті негізгі еңбегін 
“Логика ғылымы” деп атады. Табиғат та, адам да Абсолютік рухтың 
даму жолындағы нақты сырткы формата ие болған, іске аскан фор­
малары, оның өзін өзі тануының формалары, Абсолюттік идеяға, яғни 
өзінің тазаланған формасына қайтып оралу жолындағы өткінші ке- 
зендер.
Гегельдің жүйесіндегі даму осы Абсолюттық рухтың Абсолюттік 
идеяға дейінгі дамуы. Барлық логикалық формалар, категориялар рух- 
тың осы сапарындағы бір сәт қана ие болатын келбеттері. Тынымсыз 
дамудың, өзгерудің себебі сырттан келмейді, әр қүбылыстың ішкі кай- 
шылыгынан. Әрбір бүтін қүбылыс ішкі қайшылықта, онда қарама- 
қарсы жақтар, үмтылыстар, бағыттар бар, олар бір-бірін теріске 
шығарады әрі бір-бірін толықтырады. Қүбылыстарда абсолюттік ішкі 
тепе-тендік жок, сондықтан да олар үнемі қозғалыста. Гегель ішкі 
қайшылықты алаңсыз теріс нәрсе деп үғынудан аулақ. Гегельге дейін 
көбінесе осылай ойлаган. Керісінше, Гегель ішкі қайшылыққа сон- 
шалықты зор мән берген. Қайшылық, оның ойынша, өміршендіктің 
көзі.
К.Маркс Гегельдің диалектикалық ойларын біршама жалгастыр- 
ды. Бірақол диалектикалық сипат адамнан, әлемнен тыс Рухтың емес, 
табигат пен адамның, адам тарихының ішкі мәні деп ойлады. Диа­
лектика ең алдымен адамның дүниені озгерту-' қызметіне тән, ягни 
адамзат тарихында негүрлым айкын.
К.Маркс және әсіресе оның багытын жақтауші Ф .Энгельс диа­
лектиканы, жалпы философияны гылымга жатқызды. Олар оз фило- 
софиясын материализмге санап, озінің философиялық козқараста- 
рын материалистік диалектика деп атаганы белгілі. Материалистік 
диалектика - табигаттың, қогамның және ойлаудың ең жалпы заңда- 
рын зерттейтін гылым. Маркстің түсінуінде қогамдық сананы қогам- 
дық болмыс анықтайды, ол қогамдық болмыс - адамдардың өз өмірін 
жасаудың (оның өз сөзімен айтқанда - өндірудің) және кайта жасау- 
дың жолы немесе тәсілі. Бүл үгымга қогамдасқан адамдардың озара 
қатынастары, ягни қогамдық қатынастары да жатады. Өйткені адам­
дар озара қандай қатынастарда түрса, олардың баска дүниеге де қаты- 
настары жалпы алганда сондай. Адамдардың дүниені озгерту қызметі 
мен олардың өзара қатынастарын озгерту қызметтері шын магына- 
сында бір процестің екі жагы. Осындай екі үдайлык ойлауга да тән 
және алгашқының бейнесі.
К.Маркс Гегельдің даму жоніндегі идеяларын жалпы магына- 
сында қолдады, бірак оларды когамдық тарихи процестің ішкі мәнінен,
116


қайшылықтарынан шығаруды дүрыс деп тапты. Адам табиғаттық ди- 
алектикасын сырттай әрекетсіз аңдау жолымен емес, сол табигатты 
игеру кызметінде оның диалектикасы н жаңғыртады, дамытады. 
Өйткені Маркстің түсінуінде тарихи процесс те объективтік болмыс, 
болмыстың дамыған жоғарғы түрі. Гегельдің белгілі ойын жалғасты- 
ра отырып, ол қандай қүбылыс болмасын оның әлі жетілмеген фор- 
маларына қарағанда жетілген, толысқан формаларында оның табиғаты 
барынша айқындалады. Сол қүбылыстың шын не екендігі оның ең 
жогарғы кемелденген сатысында корінеді. Сондықтан да ол диалек­
тиканы қоғамдық процестерде зерттеуді ең онімді жол деп білді.
Жаңа дәуір батыстың қогамдык ойында прогресс идеясымен ай- 
рыкша елігу кезеңі. Даму идеясы соның жалпы философиялық әрі 
логикалык сыгымдалган өнімі десе де болады. Осы прогреске де, даму 
сияқты, ішкі кайшылықтар серпін беріп отырады. Бүл тагы да буржу- 
азиялык революциялар заманы. Осы жалпы когамдық коңіл күйге 
сай диалектика да революциялык теория деп каралды. Себебі оның 
түсінуінде ешбір мәңгілік нәрсе жоқ, бәрі де пайда болу, қалыптасу, 
кемелдену-гүлдену және, акырсында, күйреу сатыларынан өтеді.
Маркс та және оның жолын қугандар да диалектика теориясын 
жасауды міндет деп санап, оган бүлтартпайтын қатаң зандылық си­
пат беруге тырысты. Оның ойынша дамудың, соның ішінде қогам- 
дық дамудың негізгі сатылары қаншалықты бүралаңқы болганмен бәрі- 
бір іске асатын нэрселер. Ол зандылық адамдардың еркіне тәуелсіз. 
Мысалы, қогамдық-экономикалықформациялар. Сондықтан да марк- 
систер де диалектика теориясын баскаша болуы мүмкін еместей, бір- 
бірінен міндетті түрде туындайтын логикалық формалардың жүйесі 
түрінде түсінді, солай етіп күруга тырысты. Объективтік диалектика 
деп табигаттагы процестердің диалектикалы қ заңдары, ал адам 
істерінде, ойлауында ол диалектика тек субъективтік деп есептеледі. 
Осылай түсіну Ф. Энгельстен бастау алган еді. Ал бүл Маркстің ойы- 
нан әлдеқайда алшақ. Кеңес дәуірінде ресми қалыптасқан, марксизм 
деп есептелген философияның өзі де әртүрлі багытта болды. Олар- 
дың ішінде Маркске дейінгі натурфилософияга жақындыгы да бар 
еді. Маркстің іс-әрекетік принципнің озі коп уақытка дейін алаңсыз 
мойындалмай келді. Философияда, әсіресе таным теориясында тым 
түрпайы көзқарастар белең алды. Ал әлеуметтік философияда ресми 
орныққан тарихи материализмде болса, оның негізгі қагидалары, 
Маркстің тарихтың шешуші күші әрі бастамасы адам екендігі жайлы 
ойлары ысырылып тасталып, адамды (соның санасын гана емес) одан 
тыс қогамдық болмыс, жагдайлар аныктайды дейтін козкарас үстемдік 
етті.
Кеңестік тоталитарлық жүйенің өзі айрықша қатаң жаттануга
117


негізделгендігін бұрын да айтқанбыз. Осы жүйенің адамнан алыста- 
уы оның еркін белсенділігіне, өзіндік дербестігіне жол ашпады. Қогам- 
дық ойды, әсіресе философияны догматизмге душар етті. Диалекти­
ка да тоқыраудың идеологиясына қайшы болып шықты. Кеңестік 
қоғамға тән қайшылықтар жөніндегі, ондағы жаттанудың барлығы 
не жоқтығы т. т. көптеген мәселелерге шын мәнінде тыйым салын- 
ды.
Д иалектика XX ғасырда Батые ф и лосо ф и ясы н д а күрделі 
өзгерістерге үшыраған. Кеңес дәуірінде батыстың қазіргі замангы 
философиямен жеткілікті таныс болуга қарапайым окырманды бы- 
лай қойғанда, философиямен айналысатындардың өзіне мүмкіндік 
аз еді. Сондықтан ондағы болған өзгерістерді, тек жалпы сипаты 
жағынан ғана айтуға мүмкін болды. Тек соңғы он жылда ғана осы 
рухани қазынаға кең дәрежеде ден қойылды.
Батыстың, соның ішінде, әсіресе, батыс Европа ойшылдары- 
ның XX ғасырдағы негізгі ерекшелігі - жекеліктің, даралыктың, 
жалқылықгың дербес мәнділігіне ден қою.
Бірақ, мүндағы жекелік табиғаттағы, заттар дүниесіндегі жекелік 
емес, тек адамның, әрбір адамның өзіндік окдіау өмірі, тағдыры. Бүл 
мәселелерге айрыкдіа зейін қою XX ғасырда болғанымен өткен XIX 
ғасырда да жеке ойшылдар - Дания ойшылы С.Кьеркегор (1813-1855), 
белгілі дәрежеде неміс философтары А.Ш опенгауэр (1788-1860), 
Ф .Ницше (1849-1900), француз ойшылы А.Берғсон (1859-1941) осы 
багытты бастаган. Олар кезінде Гегель философиясының үстемдігіне 
қарсы күрескен. Солардың ішінде С.Кьеркегордың оз заманындагы 
қогамдық ой-пікірді баурап алган Гегель философиясына, сол кез- 
дегі жалпы ой-сананың үрдісіне қарсы қойган негізгі кагидасы - жеке 
адамның озіндік өмірі, оқшау тагдыры, дербес жан дүниесі рухтың, 
жалпы философияның біріне бірі ауысып жататын әлемдік тасқынында 
іс-түзсіз жоқ болып кете алмайды. Әрбір жекеліктің озіндік дербес 
мәнділігі бар, олардың бәрін бір жалпылықтың түргысынан түсінуге 
« 
болмайды. Жеке тағдырлардың бәрін, олардың әр қайсысының өзге- 
шеліктерін ескермей бір жалпылықтың агымында тогыту - омірге 
жасалган зорлық. Осының негізінде Кьеркегор жекелікті толық 
мәнінде тануга болмайды, ол мүмкін емес деген.
XX гасырдагы Баты сты ң д и алекти калы қ ойы осы үрдісті 
жаңгыртты, содан нәр алды.
XX гасырдагы диалектикалык ойды екі агымга белуге болады. 
Оның бірі - диалектиканы тек адам өмірінің, оның іс-әрекеттерінің, 
жеке тагдырдың, өмірлік мәнінің, жан дүниесінің т. т. аясында қарау, 
соның көрінісі деп түсіну. Бүлардың алгашқы легі гасырдың бас кезінде 
көрінген француз жаңа гегельшілдері Жан Валь, Ж.Ипполит, А.Ко-
118


жев, жаңа гегелыніл неміс А.Либерт. Бұлар Гегельді экзистенциализм 
бағытымен ұштастыруға тырысқан.
Диалектикалық ойды осы бағытта дамытқан екінші лек XX ғасыр 
философиясының үлкен ағымы экзистенциализм өкілдері - неміс фи- 
лософтары К.Ясперс, М. Хайдеггер және Франкфурт мектебі өкілдері 
Т.Адорно, Г.Маркузе, Ю.Хабермас т. б.; француз экзистенциализмінің 
өкілдері Ж .П .Сартр, М.Мерло-Понти т. б. Аталмыш ойшылдардыц 
көпшілігі - Ж.П.Сартр, Франкфурт мектебі өкілдері жалпы табиғатта 
диалектика жоқ деп есептейді. Бұл тұрғыда олар Гегельдің белгілі 
идеясын қолдайды.
Неорационализм деп аталатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет