ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
АДАМ БОЛМЫСЫ МЕН ОЙЛАУЫНЫҢ
ЖАЛПЫ ФОРМАЛАРЫ
IV тарау.
БОЛМЫС ПЕН ОЙЛАУДЫҢ
ЖАЛПЫ ФОРМАЛАРЫ
§ 1. Іс-әрекет және тәсіл проблемасы.
Күрделі өзгерістер дәуірінде түптеп келгенде адамдардың өзін
қоршаған дүниеге және сол арқылы өздеріне.'қатынасы өзгеретіні
мәлім. Жалпы алғанда оны адамдардың өмір сүруінің негізгі жолы
немесе тәсілі деуге болады. Қоғамымызды қайта күру тіпті қайта жа
сау кезеңі де тап осындай шақ. Біз барлық орнығып қалған қатынас-
тарға, нормаларға, жағдайларға соны көзбен қарауға үйренудеміз.
Бүрынғы үйреншікті болып қалған киіміміз өзгеріп кеткен жаңа
еңсемізге, деңгейімізге шақ болмай қалғаны сияқты, қоғамдық қаты-
настарды жаңарту да бәріне жаңа шама мен өлшемді табуға ойысты-
рады.
Бүлардың барлығы: жаңа шама, олшем, қатынас т. т. филосо
фия тілінде тәсіл деп аталады. Тәсіл мүндай жалпы түрғыда нақты
бір істі атқарудың жекелік қана мәні бар жолдары мен операциялары
емес. Ол - осы дәуірдегі адамдардың барлық нәрселерге және бір-
біріне қатынас жасауының жалпы ерекшелігін корсетеді, сол арқылы
жалпы танымның да тәсіліне айналады. Ондай жалпыға бірдей төсілдің
өз-әрекеттері мен оз ойлауында бар екендігін адамдардың копшілігі
күнделікті тіршілікте көбінесе байқамайды, сезінбейді.
Өз іс-әрекеттерінің және ойлауының қалай атқарылатыны олар-
дың не нәрсе екендігі т. т. жақтарын зерттеу мәселесі ететін рухани
қызметтің саласы ол - философия. Философияның екі мың жылдан
110
астам тарихында оның өзекті мәселелерінің бірі осы ойлаудың тәсілі
болды. Тарихтың әр кезеңі, бүрылыстары үнемі тәсіл хақындағы ой-
ларды алға тартып отырды.
Ойлаудың жалпы тәсілі адамдардың дүниеге жалпы қатынаста-
рынан туатынын айттық. Соған орай, ол іс-әрекеттердің және ойла-
удың логикалық қүралы ғана емес. Дүниеге белгілі бір практикалық
қатынас деген сөз - ол дүниенің өзі адамдарға басқаша турінде көрінеді
деген сөз. Дүниеге бүрынғыдан басқаша қатынас жасау - оны басқаша
игеру, оны басқаша көру, сезіну. Яғни, ол - басқаша бір дүние ашқан-
мен бірдей. Ол, бірақ, бүрынғы дүниені алаңсыз талақ ету емес,
бүрынғыны жаңа, әлде қайда кең әрі өзгеше дүниенің шеңберіңде
көре білу.
Ол заңғар биік тауға өрлегенге іспеттес. Ж аңа бір биіктің
деңгейінде бүрынғы білетін, үйреншікті нәрселердің одан әлде қайда
ауқымды дүниедегі алатын орны енді басқаша, неғүрлым айқын
корінетіні белгілі. Дүниені рухани кору де солай.
Күнделікті тірш іліктің еңсе көтерпейтіндей ауырлығы оз
оміріңнің мағыналы жағын коруге екінің бірінде мүмкіндік бере бер-
мейді. Біздің қоғамның ерекшеліктерінің бірі де осында. Бірақ, алаңсыз
ондай рухани мүқтаждықты жойып та жібере алмайды. Жоғарыда
айтылған мәселелер сол өмірден соншалықты алые болып көрінуі
мүмкін. Бірақ, шынында олай емес. Керісінше, өмірді танудың жолы
мен тәсілі, оны өзгертудің, жасаудың жолы, яғни омірдің нәр беретін
озектері туралы соз ететін мәселелер.
Ондай нәрселерді білуге қүштарлықтың өзі - сол адамның өз
рухани деңгейін корсетеді. Адам туындысының оның өзіне жаттану-
ының тарихи себептеріне бүрын тоқтадық. Жаттанудың ерекше бір
формасы - осы заттану, адамдық күштің заттың күшіне айналуы.
Соның нәтижесінде адамды қоршаған, оның өзі жасаған заттарды
соншалықты өсіре бағалау, оларға табыну.
Адамдар болмысының осы дәуірдегі ерекшелігі сол замандағы
(яғни күні бүгінге дейінгі) адамдардың ойлау жүйесіне түбегейлі түрде
айрықша бір сипат берді. Оны біз жаттану логикасы деп атаймыз.
Жаттану логикасы жаңа дәуірдегі философиялық және ғылыми ой-
лаудың негізінде жатыр. Ол - жаңа заманда пайда болған рациона -
лизмнің озгеше типі.
Қарапайым адамның күнделікті іс-әрекетінде заттың алатын
орны жоғарыда айтылгандай бәрін де озіне бағындыратын, бәрін де
өзі тудыратын бір қүдіретті күш болып көрінетіндіктен, оның ойында
да заттар дүниесі бір де бір болмыс. Қоғамда да, табиғатта да. Реаль-
дық нәрсе тек қана зат. Заттан озгеше реальдық күбылыс болуы мүмкін
емес. Бір нәрсені реальдық деп танитын болсақ, оны тек зат деп
111
тануымыз тиіс. Қандай да болмасын қозғалыс, өзгеріс, іс-әрекет,
процестер белгілі бір заттың ерекше табиғатынан туады. Затты оны
туғызған қозғалыстың ерекшелігінен емес, қозғалысты оны туғызған
заттың ерекшелігімен ғана түсіндіруге, түсінуге болады.
XVII-XVTII ғасырлардағы натуралистік бағыттағы ойшылдардың
және XIX ғасырдағы Л.Фейербахтың дүниені түсіндіру принципін
затты осылай түсінуге негізделген объект логикасы немесе объектілік
ойлау деп айтуға болады.
Объектілік ойлау ойлаудың табиғатын, оны күрайтын үғымдар-
дың мазмүнын, олардың қалыптасуын түсіндіруде танымның бірден-
бір міндеті ол мазмүнды субъектінің қандайда болмасын әсерінен
тазарту. Ғылыми таным процесі танылатын объект жөніндегі үғымда
субъектінің қандай да болмасын табы, не ізі сақталмауы керек, субъ-
ектінің объектіге қатынасынан толық азат болуға, оны алаңсыз ес-
кермеуге тырысуы қажет. Тек сонда ғана заттың, объектінің адамға
тәуелсіз мазмүны туралы үғым қалыптастыра аламыз. Кейінгі фило
софия мен ғылымның дамуы көрсеткендей танымға қойылатын бүл
талап белгілі бір шекке дейін ғана өзін ақтай алады, яғни ақиқатқа
жетудің абсолюттік бірден-бір жолы бола алмайтындығы анықталды.
Олай болса, заттарды тану, ой жүзінде меңгерудің өзі сол мүқтаж-
дықтан туған. Сондықтан, өр замандағы танымдық катынас, ойдың
ақиқатқа жетуінің жолдары мен әдістері, оның методы адамның дүни-
еге қатынасының тарихи белгілі бір типін бейнелейді, соны идеал-
дық формада дамытады. Адам іс жүзінде, іс-әрекетінде дүниеге қан-
дай қатынаста түрса, ойлау жалпы алғанда сондай катынастың ішкі
өзегі.
Заттың, объектінің адамға тәуелсіз өзіндік болмысын айқындау,
соз жоқ, айрықша маңызды мүқтаждық. Затты меңгеру үшін оның
өзіндік, заттық өз табиғатының зандылығын, оның пайда болу тәсілін
анықтау керек. Демек, табиғаттың, ондағы заттардың өзіндік болмы
сы, оның адамға тәуелсіз объективтік мазмүны адамның дүниеге қаты-
.•*,
насының шеңберінде ғана ашылады екен. Процестің объективтік және
субъективтік жақтарының озі еңбек процесінің ішкі жіктелуінің бір
түрі.
Сонымен философиядағы зерттелетін ойлаудың тәсілі - ол адам-
дардың өмірге жалпы қатынасының өзегі болса, біз қазір осы қаты-
насымызды өзгертудеміз. Бүрынғы қалыптасқан догматтарды, тіиті
қалыптасқан іс-әрекетіміздің формаларын қайта сын көзімен қарау-
дамыз. Болмыстың әрбір нақты формаларын сынауда, оған баға бе-
рудегі қойылатын бірінші талап: ол адамдардың дамуына қаншалықты
өріс ашады, олардың дербес, еркін творчестволық қызметіне түсау
ма, жоқ, керісінше, солай дамуының бірден-бір жолы ма?
112
|