Оқулық Қ.ӘБішев g è t э а І философия жоғары оқу орындары студенттері



Pdf көрінісі
бет41/128
Дата27.10.2022
өлшемі8,52 Mb.
#45622
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   128
Байланысты:
Әбішев философия сканиров

§ 11. Идея
Философияның тарихында “идея” проблемасы оның өзекті мә- 
селелерінің бірі болды. Бірақ әртүрлі бағыттардың негізгі концепци- 
ясына сай идеяны түсіну де саналуан.
Ең алгаш “идея” термин ретінде ежелгі грек ойшылдары Ана­
ксагор мен Демокритте қодцанылады. Демокрит атомдарды идеялар 
деп түсіндіреді, себебі атомдар заттардың ең акырғы, одан әрі 
болінбейтін тек үсақ боліктері, бәрі де атомдардан қүралады. Атом- 
дар сезіммен емес, тек ақылмен танылатын заттардың табиғаты. Пла­
тон болса барлық заттардың түпкі тегі - мәңгі жоғалмайтын, заттар- 
дан тәуелсіз және тыс идеялар деп есептегені мәлім. Олар заттардың 
алғашқы бейнесі, формасы, схемасы (эйдос), олар зат емес. Олар 
объективтік нәрсе, ойткені олар адамдардың басындағы туатын ой- 
лар мен бейнелер емес. Заттар дүниесі де, адамдар дүниесі де сол 
мәңгілік идеялар дүниесінің туындысы, соның көлеңкесі гана. Идея­
лар ешбір өзгермейді, олар күдайлар дүниесі десе де болады. Заттар 
мен адамдар, олардың бейнелер мәңгі идеяларга тек біршама жақын- 
дауы, жанасуы мүмкін, бірақ еш уақытта бірдей болып, теңесе ал­
майды. Шын дүние - сол идеялар дүниесі. Ал заттар мен адамдар 
дүниесі күбылмалы, өзгеріп, айнып, жоғалыи, қайтадан пайда болып 
жатады. Мәңгілік озгермейтін нэрселер гана шын, жетілген, ақиқат, 
тек солар гана өзгермелі нэрселер үшін мәңгі .айнымае үлгі, бейне, 
эталон. Өмірде әділ істер, әділ адам болады, олар, бірақ, шын мәңгі 
әділеттілік идеясын, үлгісі үшін біршама жакын көшірмесіндей. Сол 
сияқты сүлу нэрселер, сүлу адам болады, олар өзгеріп жогалады, бірақ 
мәңгілік бар сүлулық идеясы ошпейді, озгермейді. Тагы сол сияқты. 
Осындай идеяларды адамдар тек ақылмен тани алады.
Аристотель бір дүниені екіге болуге - идеялар мен заттарга - 
қарсы шықты. Оның философиясында идеяның орнына “форма” 
үгымы негізгі рольге ие болды. Форма заттан бөлек емес, заттың өз 
формасы, тек материя мен форма косылганда жеке озгеше заттар 
пайда болады. Форма белсенді, ол материяга айқындық береді. Жаңа 
дәуірде гылымның омірдегі орны үлгая берген сайын, танымдық каты­
нас негізгі қүндылыққа айнала берді. Барлық нэрселер тек таным- 
ның көзінен қөрініп, соның түргысынан багаланатын болды. Идея­
ны түсінуде де бүл процесс үлкен өзгерістер тугызган. Жаңа дәуірде 
идея да тек танымдық ролі жагынан қаралып, дүниені бейнелеу 
мүмкіндігі түргысынан зерттеле бастайды.
Р.Декарт идея деп ойды, үгымды түсінеді. Б.Спиноза (1632-1677) 
да оны үгым деп қарайды. Идея, бірақ, нақты көрнекті бейнесі жоқ
104


ой. Эмпирикалық логика, оның негізін салған Дж.Локк идеяны жал­
пы пікірмен, елестермен ұқсатып алаңсыз жоғалтып жіберді. Бүл 
түрғыдан идеяның ой мен сезімдіктің баска формаларынан өзгеше 
табиғаты жонінде соз болуы мүмкін емес еді. Ойлаудың басқа фор­
малары сияқты идеяның озгеше дербес мағынасы әрі функциясы бар 
екенін негүрлым анық корсеткен И.Кант болды. Гегельдің айтуынша 
Кант идеяға оның жоғалтқан мәнін қайтарды. Идеяны түсінуде Кант 
белгілі дәрежеде Платонға оралды. Платонның идея туралы ілімінен 
Канттың қайта жандандырғаны: идеяның сыртқы сезімдерден тумай- 
тындығы, пайымның үғымдарына жанаспайтыны, тәжірибені тануға 
жол ашатындығы гана емес, тіпті табиғат күбылыстарының озіне 
түпнүсқа болып түратындығы.
Канттың ойынша 
идея
- үғымдардътң үғымы, пайымның емес, 
зерденің үғымы. Таным сырттай сезінуден басталып, пайымда өнделіп, 
әрі карай зердеде аяқталады. Зерде сыртқы өсерлерді ондеп, қоры- 
тып, түсінуде - соңғы саты, ол саналуан материалды ең жетілген 
бірлікке жеткізуі тиіс. Зерденің ici - донекерленген ой түйіндеу бол­
са, онан томенгі сатысы пайымның ici - сан түрлі әсерлерді ұгымдар- 
дың ережесіне бағындырып, болшектеу, к л а с с и ф и к а ц и я га жатқызу. 
Зерде одан кейін пайымның бір-бірінен оқшауланган үгымдарын оз 
принциптері, идеялары арқылы ішкі бір түтастыққа келтіреді: “Идея 
деп мен,- дейді Кант,- сезімдерде озіне сәйкес келетін ешнәрсе жоқ 
зерденің қажетті идеясын айтамын” 14. Сезімдердің ар жагында заттар 
дүниесі бар ма, ж оқпа, бүл мәселе Канттың ойынш а ақылдың 
шеңберінде шешіле алмайды, оны шешу үшін ақылдың, сананың 
шеңберінен шыгу керек. Сондықтан адам ақылы үшін ең бірінші бар 
нәрсе, реальдік норсе, ол - сезімдер, қабылдаулар, түйсіктер. Идея,- 
ягни, басқа үгымдардан озгеше бар нәрсені емес, әлі жоқ нәрсені, 
жасалуга тиіс нәрселердің идеясы. Зерденің идеялары жалпы алганда 
еш нәрсені беймелемейді, бар үгымдарды оз мүқтаждыгына сай 
біріктіреді.
Гегель, керісінше, идея сезімдер дүниесіне де, заттарга да тіке- 
лей қатысты деп есептеген. Идея ең ақиқат үгым, объективтік ақиқат 
немесе ақиқаттың озі. Идея әрбір жеке санада бар, тек жеке саналар- 
да жетілмеген, күңгірт болуы мүмкін. Гегель үшін Абсолюттік Рух- 
тың алгашқы, табигатқа, адамға, қоғамга оз дамуында айналатын- 
дыгын еске алсақ, бар дүние сол рухтың іске асқан, материалдык 
формата енген қалпы. Сондықтан Гегель үшін ойлаудың негізгі фор­
малары pyx дамуының белгілі бір сатылары. Идея да солай. Табигат- 
тагы, қогамдагы әрбір реальдык форма іске асқан, заттық формада,
14 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет