ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ күштеу әдісі [3].
Әл-Фараби жалпы қауым мүшелерін, оның
ішінде әсіресе жастарды тәрбиелеуде аталған
«жұмсақ әдіс» пен «қатты әдісті» ұштастырып
қолдануды талап етті.
Сонымен ғұлама қоғамда «Кемел адамды
тәрбиелеу дегеніміз – халықтардың бойына
бі лімге негізделген этикалық ізгіліктер мен
өнерлерді дарыту әдісі деген сөз» [3], - деп
қорытындылаған.
2.Ғұлама Ж.Баласағұни өзінің «Құтты бі-
лік» дастанында адамның өмірінде білімнің
мәні, бақыт туралы, іс-әрекеттің оңы мен те-
рісі, тілден келетін пайда мен зиян, әр текті
жұртшылықтың тілін табу, жанұя мен неке,
ұл мен қыздың өнегелі тәрбиесі, ата-анамен
балалардың қарым-қатынасы мәселелері ке-
ңінен сөз болған [4].
Дастанда жақсы мінез-құлықты тәрбиелеу
мәселесі айрықша айтылған. Өйткен жақсы
мі нез-құлық кемелділік өлшемі ретінде қа-
былданып, ол туралы ақын былай дейді: «Кі-
сілік қымбат емес, кішілік қымбат»; «Ұлық
болсаң, кішік бол»; «Жақсы мінез-құлық әдеп-
тілік, кішіпейілділік ең алдымен адамның тә-
лім-тәрбиесіне байланысты» [4] деп түйеді.
Сондай-ақ Жүсіп ақыл, білім, білік туралы:
«Ақыл қайда болса, ұлылық сонда»; «Білім
кімде болса, сол білікті болады» [4], - деп
пікірлер айтқан.
Ж.Баласағұнидің отбасында қыз бала
тәр биесіне және ер бала тәрбиесіне де ата-
ананың орнын ешкім ауыстыра алмақ емес,
әсіресе ер бала тәрбиелеуде әкенің жеке ба-
сы ның өнегесі, оның мінез-құлқы мен тұл-
ғалық қалыптасуында маңызды деп санаған.
Ол былай дейді: «Ұл-қыз кесір, болса ессіз,
парықсыз, өнегесі-ай әкенің, ұл әкенің
арқасында жаралар, Ана қарнын, тек бірнеше
ай паналар» [4].
Сондай-ақ отбасында ұл мен қыздың
тәрбиесі ең маңызды екендігін ақын: «Ұл мен
қыздың өнегесі ата-ана, Бәрі бізден – дұрыс
па, әлде қата ма» [4], - деп бала тәрбиесіндегі
жетістік те, теріс қылықтар да бәрі – ата-ана
өнегесі мен берген тәрбиесінің нәтижесі екен-
дігін дәлелдейді. Ғұлама ақын отбасында
ба ла ларға адамгер шілік тәрбиесін беруді,
ол үшін адамгершілік қа сиеттерді сәби
шағынан олардың бойына да рыту қажеттігін
былай айтқан: «Сәбиінде кө кірекке түйгені,
өлгенінше санасында жүреді [4].
Жүсіп отбасында баланы шектен тыс ер-
ке летіп өсірудің түбі кері нәтиже беретінін
ескерте отырып былай дейді:
Шолжаңдатпа, білсін тәртіп, талапты,
Талап қысқан бала құты, талантты, [4] деп
қатаң тәртіп нақтылық пен ұқыптылықты қа-
лып тастыратынын айтады.
Ақын қыз бала тәрбиесінде оның ер балаға
қарағанда ерте есейетінін ескере келіп, қыз
бала тәрбиесінде еркелікке жол бермеуді жөн
деп санайды. Ол «Кім ұл-қызын шолжаңдатса
бетімен, тартар күйік, ет кескендей етінен»
[4] деп, ұл және қыз баласының шектен тыс
еркелігі ата-анасына үлкен сын боларын
түсіндіреді. Ол үшін қатал тәрбие әдістерін
қолдануды кеңес береді:
«Талшыбықпен аршы қырсық-түйнектен,
Ұл мен қызға таяқ білім үйреткен» [4]
деп білімді меңгеру үлкен табандылық пен
шыдамдылықты қажет ететіндігін, ол үшін
балаға қатаң талап қоюдың маңыздылығын
сипаттайды.
Балаға отбасында қатаң тәртіптің болуы
қа шан да ата-ананы қуанышқа бөлейтінін,
ақын: «Жаны жұмсақ – қатты ұстаған бала-
ның, Жарық жүзі ата менен ананың» [4]
деп тәртіпке үйренген балалардың қашанда
жауапкершіліктерінің жоғары болып, ата-ана
көңілінен шығып отыратынын түсіндіреді.
Сонымен, «кемел адам» тұлғасын қалып-
тастыру мәселесінің теориялық негіздеріне
ор та ғасырлық Шығыс ойшылдарының
көз қарастарын алу арқылы жеке тұлғаны
ұлтжанды зияткер азамат етіп қалыптастыруға
болады.