№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет58/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ха лық тар мен жеке тұлғалардың орны мен 
рө лін түсінуге мүмкіндік береді. Тарихи бі-
лім ді игеру ұлтжандылық, отансүйгіштік, 
пат риоттық сезімдермен бірлесе, сабақтаса 
жүзеге асады.
Жас буынның өз елінің ұлтжанды аза-
маты, патриоты болып қалыптасуына әде би-
еттің де қосар үлесі зор. Өз ұлтының, әлем-
дік мәдениеттің озық үлгілерімен танысу 
оқушының рухани құндылықтарды өз бойына 
сіңіруіне, әдеби шығармалардың жағымды 
ке йіпкерлерінің іс-әрекеті негізіде тәлім-
тәртіптік образ қалыптастыруына, өткен мен 
бүгіннің арасын байланыстырып, өз Отаны
өз халқы туралы мақтаныш сезіміне кенелуіне 
мүмкіндік береді. 
Дегенмен, мектепте оқылатын барлық 
пән дердің арасында патриоттық тәрбие бе-
ру де Алғашқы әскери дайындық пәнінің мін-
деті айрықша. Алғашқы әскери дайындық 
пә ні бұрынғы Кеңес Одағында жастарды 
әскери қызметке дайындаудың құрамдас бө-
лігі ретінде барлық жалпы білім беретін 
ме ке мелерде оқытылған болатын. Алайда 
Кеңес Одағы тараған соң, бұл пәнді мектеп 
бағдарламаларынан алып тастау – жастарға 
әскери патриоттық тәрбие беру, оларды әс-
кер қатарында қызмет етуге дайындау ісіне 
едәуір зиянын тигізіп, жалпы білім беру 
деңгейіне де әсер етті. Тіпті Қазақстан Рес-
пуб ликасының Қарулы Күштерінің же-
ке құрамының моральдық-адамгершілік 
си па тында да көрініс тапты. Сондықтан 
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 
1996 жылғы 1 қарашадағы №1340 «Алғашқы 
әскери дайындық туралы» қаулысы бойынша 
«Алғашқы әскери дайындық» пәні жалпы орта 
білім беретін мектептер мен бастапқы және 
орта кәсіптік білім беретін ұйымдарда 1996-
1997 оқу жылынан бастап қайта енгізілді.
«Алғашқы әскери дайындық» пәні оқу 
бағ дар ламасының негізгі мақсаты – саптық, 
так ти калық, атыс, медициналық дайындық, 
то пография, азаматтық қорғаныс бойынша 
оқушылардың білімдерін қалыптастыру, 
Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, 
алған білімдерін практика жүзінде көрсетуге 
ықпал жасау. Жас жеткіншектерді болашақта 
ҚР Қарулы Күштерінің қатарында болуға 
тәрбиелеу, ең алдымен, олардың бойында 
Қазақстанның азаматы деген мақтаныш сезі-
мін қалыптастыруды, Отан қорғау қажеттілігін 
жете түсіндіруді, мектеп түлегі, Отанның 
болашақ қорғаушысы қандай болуы керек 
деген сұраққа жауап беруді қажет етеді. Міне 
осы міндеттерді орындау Алғашқы әскери 
дайындық пәнінің ауқымында жүзеге асады.
Мектеп ұжымы оқушыларға әскери-пат-
риоттық тәрбие беру үдерісінің басты мін дет-
терін жақсы білуі тиіс. Олардың қатарында 
мыналарды атап өтуге болады:
- Балалар мен жастарды әскери-патриоттық 
және азаматтық тәрбиелеу саласындағы мем-
лекеттік саясаттың жүзеге асуына үлес қосу.
- Өскелең ұрпақтың бойында патриоттық, 
Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалып-
тастыру, оларды еліне қызмет ету, оны қолына 
қару алып қорғау рухында тәрбиелеу.
- Өз елі мен туған өлкесінің тарихын зерттеу.
- Отан қорғаушыларды мәңгі еске cақтауға 
байланысты іс-шаралар дайындау және өткізу.
- Қарулы күштердің үздік дәстүрлерімен та-
ныстыру.
- Оқушылардың денсаулығын дамыту, сала-
уатты өмір салтын қалыптастыру.
- Оқушыларды әскери қызметке дайындау.
Осындай міндеттерді жүзеге асыру мақ-
са тында мектепте әскери-патриоттық тәрбие 
берудің жылдық жоспары жасалады. Жалпы 
жоспар құруға тек Алғашқы әскери дайындық 
пәнінің мұғалімі ғана емес, басқа да пән 
мұғалімдері, әсіресе дене шынықтыру, тарих, 
география, сынып жетекшілері, мектеп әкім-
шілігі жұмыла қатысып, мектеп ұжымы оны 
бірлесе жүзеге асыруға тырысады.
Әскери-патриоттық тәрбие, ең алдымен, оқу 
үдерісінде іске асырылады. Алғашқы әскери 
дайындық пәні бойынша өтетін сабақтарда 
оқушылар Отан қорғауға бағытталған әскери 
қызметтің қыр-сырымен танысады, өздерінің 
бойында болашақта Қарулы күштердің қата-
рында болуға қажетті сапаларды дамытады. 
Оқу бағдарламасына сәйкес оқушылар әске-
ри қызметтің нақты салалары бойынша бі лім 


61


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет