№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет8/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
қара пайымдылық танытып, мәймөңкелік пен 
өрескелдікке жол бермеуі;
- бірбеткейліксіз ұстанымшылдығы және 
табандылығы;
- аса дабыраламайтын зеректік пен сезімтал-
дығы;
- тұлғаның жеке басын қорламайтын әзіл-
сықақ қолдана білуі;
- иландыру, нандыру, ескерту, ұсыныс жасау 
және қысымшылық пен қорлықсыз жазалай 
білуі;
- өз білімі мен кәсіби даярлық деңгейінің 
артықшылығын атап айтпай-ақ білім алушы-
ларды оқыту және тәрбиелей білу қабілеті;
- білім алушыларды тыңдай білуі, оның және 
өзгелердің сұрақтарға берген жауаптарына 
тыңғылықты қарай білуі.
Жоғарыда аталған педагогикалық кәсіби-
этикалық сипат түрлері педагогтың түрлі 
оқу-тәрбиелік міндеттерін шешу барысында 
көрініп, олардың кәсіби қызметінің тиімділігі 
мен сапасын арттыруға ықпал етеді.
Сонымен, педагогтың мұндай кәсіби әдеп 
сипаты келесі жағдайда көрінеді:
-­педагогтың­сыртқы­келбетінен (киім кию 
мәдениеті мен визуальді белгілері: бойдың, 
дене бітімің, шаш үлгісінің үйлесімділігі және 
өзіне сәйкес стильді анықтайтын элементтер: 
киім, аяқ киім, аксессуарлар);
-­қарым-қатынас­әдебінен (вербалды және 
вербалды емес қарым-қатынас әдебі, қызметтік 
қарым-қатынас этикеті (корпоративтік ере же-
лерді ұстану), оқушыларына қоятын талап-
тарының ойға сыйымдылығы мен оларға деген 
сезімталдығы, оқушылардың жас және жеке-
дара ерекшеліктерін жақсы білуі, өз еңбегіне 
сыни көзқараспен бағалай алуы);
-­ сөйлеу­ мәдениеті,­ тіл­ шеберлігінен (тіл 
табыса білу қабілеті: ауызша және жазбаша 
тілдесу, дауыс ерекшілігі);
-­ адами­ қасиеті­ сипаттарынан (кез 
келген орын алған жағдайды жылдам жә-
не дұрыс бағалай білуі, сондай-ақ өз тәрбие-
ленушілерінің тәртібі мен қабілеті туралы 
қорытынды жасауға асықпауы, өз-өзін ұстай 
білу, қиын жағдайда сезімге жол бермей, 
салқынқандылық таныту).
1. Педагогтың сыртқы мәдениеті. Мектеп 
мұға лімі қандай болуы тиіс екенін түсіну 
үшін бүгінгі күні орта білім беретін оқу орын-
дарында жас ұрпақты оқытып және тәрбиелеп 
жүр ген мұғалім бейнесін қайта қарауымыз 
керек.
Бұл орайда тілге тиек болатыны, педагог-
тар дың біліктілігінің төмендігі, шәкірттермен 
арадағы педагогикалық әдептілік негіздері 
қарым-қатынастардың жоқтығы және бар 
бол ған жағдайда оның барлық уақытта 
сақта ла бермеуі. Сондықтан, мұғалімге тән 
педагогтық қарым-қатынас әрекетінің мәні 
мен мазмұнын ашып, ұстаздарға оның негізгі 
сапаларын қалыптастыруымыз қажет. Бұл 
орайда, ұстаздың айналасындағыларға өзі 
туралы жақсы әсер қалдыруды мақсат ететін 
педагогикалық имидж болуы тиіс. Себебі, 
басқа мамандық иелеріне қарағанда мұғалім 
мамандығы ерекше, ол әрдайым үлкен аудито-
рия ішінде және көпшілік көз алдында. Соны-
мен, педагогикалық имидж – мұғалімнің 
бойын дағы таланттың жарқырап ашылуы, 
өзі туралы жақсы пікір қалыптастыру жолы. 
Әлемдік өркениеттің стандарттарын ұсынатын 
американдық психологтардың пікірінше, 
тама ша табыс феномені – адамның имиджі 
мен оның карьерасымен тікелей сабақтас.
Кәсіби мамандығын жан-жақты меңгерген 
педагог қана жоғары бағаланып, әріптестері 
мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөлен-
бек. Сол себепті педагогқа өзін көрсете білу, 
ұнау, өзі туралы жақсы пікір қалдырудың 
маңызы зор.
Егер оқушылар мұғалімнің жеке тұлғасына 
қызықпаса пәнге деген қызығушылығы да 
бол майды деген байламға келуге болады. 
Себе бі, баланың өмірінің жартысы оларға 
білім ғана беріп қоймай, сонымен қатар 
оларды тәрбиелейтін және жеке тұлға ретінде 
қалыптастыратын мектепте өтеді. Әлеуметтік 
және балалық шақтан алған әсерлер мен 
тәжірибелер үлкен өмірге өтуіне әсер етеді. 
Мұғалімнің жеке басы оқушының жеке тұлға 
болып қалыптасуына көмектеседі. Ақпараттың 
басым бөлігін біз көру арқылы аламыз, сон-
дықтан да мұғалімнің­тартымды­бейнесі­өте­


9


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет