ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ деген құрмет;
-Өздігінен білім алуға деген қажеттілік:
ғылыми-әдістемелік жаңалықтарға қызығу-
шы лық пен оны игеруге деген ынта;
-Оқушылармен,
ата-аналармен,
әріптестерімен қарым-қатынас барысында
іскерлік этикет пен кәсіби манерді, сондай-ақ,
субординацияны сақтау;
-Сөйлеу барысында дұрыс лексиканы
қолдануы, жаргон сөздердің болмауы;
-Оқушылардың көзінше мұғалімнің темекі
шегуі, алкогольді ішімдіктерді қолдануы теріс
әсер етеді.
Мұғалім үнемі өзінің дыбыстық имиджіне
көңіл бөліп отыруы тиіс. Себебі, дауыс –
мұғалім нің сабақ барысында, сабақтан тыс іс-
шараларда, ата-аналар жиналысында, іскерлік
кездесулерде басты еңбек құралы болып
табылады.
Дикцияның дұрыс қойылуы, дауыс ырға-
ғы, анықтығы, қаттылығы аудиторияны
тыңдатуға, сол арқылы өзіне деген ілтипатты
назар аудартады.
Арома-имидж. Әтір – адамның қандай
әлеу мет тік ортадан шыққанын білдіреді
(мәсе лен қымбат иіс суларды кәсіпкер әйел
адамдар қоладанады дегендей). Әтірдің иісі
баланың санасына қатты әсер етеді. Балалар
мұғалімінің әтірінің иісіне дағдыланып қала-
ды. Сондықтан да, әтір қолданғанда абай
болған жөн. Оқушыларға немесе әріптестеріне
кері әсер ететіндей бас айналдыратын тым
тәтті иістен аулақ болған дұрыс. Сондай-ақ,
бөлмеден жағымды иіс шығуына есік-терезені
ашып үнемі желдетіп отыруы, үй гүлдерінің
көп болуы әсер етеді.
Балғындық иісті апельсин, лимон, лаванда,
майқарағай эфир майларын пайдаланып жа-
сау ға болады.
Райхан, жалбыз, лавр, қалампыр, гүлшетен,
кориандр, түймедақ, кедр, лимон иістері есте
сақтау қабілетін жақсартады.
Қарағай, эвкалипт, герань, арша, жалбыз,
гүлшетен, тимьян иістері психикалық қызметті
белсендендіреді.
Аскөк, герань, тасшөп, арша, анис, жасмин,
раушанның иістері тынышталдырады.
Эвкалипт, майқарағай, гүлшетен, шалфей,
лимон иісі жүйке жүйесіне оң әсер етеді, бак-
терияға қарсы қасиеттері бар.
2. Кәсіби-педагогикалық қарым-қаты нас
әдебін де кәсіптік жауапкершіліктің көрсет кіш-
те рі де маңызды рөл атқарады. Олар:
•
кәсіпке, қоғамға деген қарым-қатынас;
•
тәртіпті болу, өзіне және балаларға
асқан жауапкершілікпен қарау;
•
эмоцияналдық байсалдылық, әдептілік;
•
ұжымдағы
әріптестермен
жақсы
қарым-қатынас.
Педагогтың оқушыларымен ара-қатынасы
– бұл әлеуметтік және адамгершілік санат. Ол
көптеген маңызды факторларға сай қалыпта-
суы мен қатар, соған тәуелді болады:
- адамның психикалық қалыптасуына;
- оның құндылық бағытына;
- білім деңгейі мен жалпы мәдениетіне;
- маңындағы әлеуметтік ортаның әсеріне;
- адамдардың беделіне (педагогтың қалып-
та сыуына барынша ықпал еткен тәжірибелі
педагогтардың өнегесі) [3].
Мұғалім мен оқушы арасындағы тікелей
қарым-қатынасты ештеңе де ауыстыра алмай-
тынын тәжірибе көрсетіп отыр. Бұл үрдісте
мұға лім тарапынан көбіне ақпараттық мәлім-
деме басым болады. Сондықтан да, мұғалім
тарапынан оқушыға қандай да бір қысым көрсе-
тілген жағдайда, қарым-қатынас жоғалып,
түсі ніс пеушілік орын алады. Кей жағдайда
мектеп мұғалімі өзінің оқушыға жасайтын
психологиялық ықпалын ескере бермейді, ал
бұл болса назардан тыс қалмайтын жағдай.
Педагог әр баланың жүрегіне жол тауып, оның
жан дүнесінің «құлпын» аша білуі тиіс. Ол
өзінің бір ауыз сөзі бала өмірінде үлкен рөл
атқаратынын және оны өмір бойы есіне сақтап
қалатынын білуі керек [4].
Педагог пен оқушы қарым-қатынасының
талап тарын қалыптастыру қажет десек, олар:
- сенімділік;
- баланы тыңдай білу;
-
өз ара түсінушілікті негізге алу;
- іскери қарым-қатынас;
- ықпал етуден өз ара әрекет жасауға көшу
қабілеті.