16
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
-ұстаздардан
әрбір балаға тең дәрежеде
көңіл бөлуді талап ету;
-педагогикалық кадр құрамының кәсіби
деңгейінің жоғары сапасын үнемі бабында
ұстау;
-мұғалімдік қызметке барынша дарынды
жандардың тартылуына көңіл бөлу.
Бізге де осынау ұстанымдарды әркез есепке
алу артықтық етпейді. Өйткені, білім игеру
– айтуға оңай болғанмен, жай міндет емес.
Шешімі жан-жақты әрі жүйелі
жұмыстың
нәтижесіне байланысты.
Бұл ретте, барлық үміт – ұстаз бойындағы
міндетте. Осы көрсетілген міндеттердің ішін-
де педагогикалық кадр құрамының кәсіби дең-
гейінің жоғары сапасын үнемі бабында ұстауы
үшін қажетті жағдайлар мен шарттарды ашып
көруге тырысайық. Себебі, қоғам педагогқа
үлкен үміт артып, ел тағдырын сеніп тапсырып
отыр. Осындай күрделі мәселенің шешімін
табу жолында педагогика ғылымының көпте-
ген ғалымдары талмай ізденіп, зерттеулер
жүргізіп, өз кезегінде білім беру саласына
жаңалықтар мен өзгерістер енгізуде. Ал пе да-
гог тар болса, өз педагогикалық іс-әреке тінде
сол
жаңалықтарды, инновациялық техно ло-
гияларды, әдіс-тәсілдерді жете ұғынып, тәжі-
рибеде ұтымды, кәсіби қолдана білулері керек.
Кәсібилік – ұстаздың психологиялық-педа-
го гикалық, ғылыми-пәндік білім-біліктің мә-
де ни -адамгершілік ұстанымдарымен үйлесу-
дің жоғары деңгейі. Кәсіби құзыреттілік
– өз бетінше және жауапты әрекет жасауға
мүмкіндік беретін белгілі бір психикалық
жағдай, арнайы білімнің болуы, жалпы және
арнайы эрудицияның болуы,
ғылыми-кәсіби
дайындығын үнемі жетілдіру, күнделікті іс-
әре кетте міндеттерді шешу үшін еңбек
субъектісінің кәсіби дайындығы және қабілеті.
Ал, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі білім беру
нәтижесін қамтамасыз ететін шешуші фактор
болып табылады [2]. Бүгінде педагогтың өз
қызметіне қатысты инновацияларды, техноло-
гия ларды, өзгерістерді жақсы меңгергендігі
кәсіби құзыреттілігінің көрсеткіші ретінде
сипатталады. Ал білім беру мекемесінің же-
тек шісі білім беру үрдісінде игерілген тәжіри-
бенің тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін
мониторинг
технологиясын жақсы мең ге-
руі керек. Қазіргі таңда мұғалімге білімді
механикалық түрде беруші немесе білім транс-
ляторы ретінде қарамайды. Мұғалімнен бүгін
педагогикалық өзара әрекет етудің ерекше
кәсі би технологиясын меңгеруді, кәсіби және
тұлғалық өсуге тұрақты қажеттіліктің болуын
талап етеді. Кез келген педагогқа кәсіби және
тұлғалық өсудің бірден бір жолы – кәсіби
өзін-өзі білімдендіру екенін түсінгені дұрыс.
Себебі, ұстаздың жеке тұлғалық қасиеттері
педагогикалық іс-әрекеттің ішкі мазмұнын
құрап, шебер-ұстаз болып қалыптасуға аса
қажет.
Біздің осы мәселені көтеріп отырған
себебіміз, қазіргі
таңдағы көптеген педагог-
тар дың өзінің кәсіби жетілуіне көп мән
бермейтіндігінде. Оны әртүрлі жағдайлармен
байланыстырып жатады. Дегенмен, жоғарыда
айтып кеткен қоғамымыздағы шешімін күтіп
тұрған мәселелер ешқандай сын көтермейді.
Егер педагог өзінің оқытатын ғылым негізі
бойынша біліміндегі кемшілік тұстарын
байқамаса, өз педагогикалық құралының
жет кі лік сіздігін көрмесе, оның кәсіби өзін-
өзі жетілдіруі мен өзін-өзі тәрбиелеуі тіптен
мүмкін емес. Кез келген педагог өзін-өзі кәсіби
жетілдіру мен дамытуға кіріспес бұрын, іс-
әрекетінің қандай да бір өткен кезеңіне талдау
қорытындыларын жасап отыруы керек [3].
Педагог субъектілігінің (яғни өзін-өзі дамы-
ту қабілеті) құрылымының негізгі компонент-
терін төмендегідей жіктеп тізіп көрейік [4].
Олар:
1)
Белсенділік;
2) Рефлексияға кабілеттілік;
3) Таңдау еркінділігінің болуы және оған
жауапкершілік;
4) Субъектінің бірегейлігі (уникальность);
5) Басқаны түсініп қабылдау;
6) Өздік даму.
Осы аталған компоненттердің барлығы
да педагогтың өзін-өзі білімдендіру, өзін-
өзі тәрбиелеу, кәсіби даму үрдістері
болып
табылады.
Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің негізінде,