1 Тақырып. Еңбек қорғау курсының оқыту мақсаты, міндеті және әдісі. Еңбек қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар



Pdf көрінісі
бет10/10
Дата30.10.2022
өлшемі438,15 Kb.
#46225
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекция от и обж

8 Тақырып. Электрқауіпсіздік
Дәріс жоспары: 
1. Электр тоғының негізгі әсер ету себебі. 
2. Электр токтың адамға әсер ету жағдайы. 
3. Өндіріс бөлмелерінің электр қауіпсіздігі бойынша топтасуы 
4. Электр зақымдануынан қорғану шаралары. 
1. Электр энергиясы өнеркәсіптің барлық саласында кеңінен қолданылады. Қазіргі 
өндіріс құрылғылары (машиналар, механизмдер, аспаптар) электр двигательдермен және 
жылыту құралдарымен жабдықталған. Кең көлемде қол электр саймандары 
пайдаланылады. Электр энергиясы пісіру, жарық беру тағы басқа қажеттерге 
жұмсалынады. Сонымен өндірісте электр энергиясымен азды – көпті болсын барлық 
қызметшілер байланысты болады.
Электр энергиясын пайдалану адам еңбегін жеңілдетіп, оның өнімділігі мен сапасын 
арттырады. Бірақ білімсіздікпен, тәжірибесіздікбен пайдаланған жағдайда, электр тога 
адам денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп туғызады. Тоқ соғу қауіпін жоғарлататын 
жағдай - адам өзінің сезім мүшелерімен электр қондырғыларында тоқтын бары- жоғын 
алдын ала айыра алмайды. Сондықтан тоқтын астында қалған қондырғыларға адам 
байқаусыз тиіскен жағдайда, оны электр то5ы соғып, зақымдануы мүмкін. 
2. Электр тоғының адам денесінен өткен кезде оған тигізетін әсері әртүрлі болады: 
термиялық (қыздыру), электролиздік, биологиялық, механикалық әсері. Бұл жағдайладда 
адам денесінің басты мүшелерінің (ми, жүрек, өкпе т.б.) жұмыс істеу әрекеті бұзылуы 
мүмкін. 
3. Электр тоғымен зақымдану қауіптілігі көбінесе айналадағы ортаның жағдайымен 
байланысты болады. бұл жағдайлар; ылғалдық, тоқ өткізгіш еден мен тозаңнын барлығы, 
жермен қосылған металл заттардың көптілігі, бөлменің ыстықтығы, ауада электр 
изоляциясын бұлдіретін агрессивті заттар болуы т.б. 


Бұл көрсетілген қолайсыз жағдайларда электр жабдықтардың әншейінде электр тоғы 
жұрмейтін металл бөлшектеріне тоқ пайда болып, адамдарды тоқ соғып, зақымдану 
қауіпті тууы мүмкін. 
4. Электр тоғымен зақымдану қауіптілігін төмендету үшін әр түрлі қорғану 
шаралары қолданылады: тоқтын аз шамалы кернеуі, тоқ өткізгіштердің жақсы эектр 
изоляциясы болу, қоршаулар қою, блокировка орнату, дабыл беру жабдығы, тоқ 
өткізбейтін еден жасау, электр қондырғыларының сыртын тоқ өтпейтін қылу, тоқ өтетін 
бөлшектерді адам тиісе алмайтындай етіп орнату, электр машиналардың аулақтан 
басқару, сақтық құралдарын орнату, ескерту плакаттарды пайдалану, қызыметшінін 
мамандық дәрежесі істейтін дұрыс белгілеп алу, қорғаныш ағытылу аспаптарын 
пайдалану, қорғану құралдарын қолдану тағы басқа шаралар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет