төмендету мақсатында жүргізіледі.
Олар мыналарды қамтиды:
санитарлық гигиеналық және сақтандыру шараларын жүргізуді;
халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын зақымданған кезде өз- өзіне және
өзара көмек әдістерін көрсетуге оқып-үйретуді;
халық пен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын дәрі-дәрмекпен қамсыздандыруды;
объектілердің радиоактивтік, химиялық заттар және бактериалдық құралдармен
зақымдалуына лабораториялық бақылауды ұйымдастыруды;
санитарлық-ветеринарлық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу.
Өрттен қорғау шаралары.
Бұл – халық пен шаруашылық объектілерін өрттен қорғау мақсатында жүргізілетін
техникалық және ұйымдық шаралардың кешені.
Өрттен қорғау шаралары мынаны қамтиды:
ықтимал өрт ахуалын болжауды;
қалалардың, басқа елді мекендер мен шаруашылық объектілерінің өртке қарсы
беріктігін көтеру жөніндегі инженерлік-техникалық және өрттен сақтандыру шараларын
жүргізуді;
өрттен қорғау қызметі мен халықтың тиісті даярлығын;
өрт ошақтарын, сондай-ақ қала құрылысы аудандарын және адамдарды
орналастыратын жерлерді бағалауды;
өрттің алдын-алуды, жайылтпау мен сөндіруді.
Сөйтіп, қорғау әдістері мен құралдарын анықтаудағы кешенді көзқарас қана
халықтың сенімді қорғалуын қамсыздандырады.
Жеке және медициналық қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалана білу бүкіл халықты
ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Белов С. В., Ильницкая А.В., Козяков А.Ф., Морозова Л.Л. Безопасность
жизнедеятельности. Москва: Высшая школа, 1999. – 448 с.
2. Безопасность жизнедеятельности: Конспект лекций под ред. О.Н.Русака. – Санкт–
Петербург: 1992.-100c.
СДЖ берілетін тексеру тапсырма (6 тақырып) [4,5]
1. Табиғи және техногендік ТЖ жою және оны адын алу бойынша Мемлекеттік
жүйелердің негізгі қызметі.
2. Жер сілкінісін болжау және сейсмологиялық бақылау Респуликалық жүйе.
3. Қауіпсіз газ қолдану. Радиациялық қауіпсіздік. Табиғи, техногендік және
тұрмыстық өрт және өртті сондіруге дайындылығы. Эпидемияға қарсы шаралар.
Достарыңызбен бөлісу: