1 Тақырып. Еңбек қорғау курсының оқыту мақсаты, міндеті және әдісі. Еңбек қорғау жөніндегі ережелер мен нормалар


Тақырып. Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата30.10.2022
өлшемі438,15 Kb.
#46225
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекция от и обж

2 Тақырып. Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы. Дәріс жоспары: 
1. Өндірістік улы және зиянды факторладың жіктеуі. 
2. Жұмыс зонасындағы ауадағы зиянды заттар және олардың организмге әсер етуі. 
3. Ауаның құрамын өлшеу. Ауа ортасының зиянды заттармен ластануы. 
1. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар мыналарға бөлінеді: физикалық
химиялық, биологиялық және психофизиологиялыққа. 
2. Өндірісте көптген технологиялық процестер улы заттарды қолдану арқылы 
орындалады немесе оларды жүргізу барысында әртүрлі зиянды заттар пайда болып, ауаны 
ластайды. Мұндай ауамен дем алғанда организмге химиялық өзгерістер болып, сырқат 
құбылыс пайда болады (кәсіби удану). Өндірісте жұмыскерлермен еңбек барысында 
әрқашан кездесіп тұратын зиянды заттарды өндіріс улары деп атайды. Олар күйіне қарай 
қатқыл (қорғаныс, хром, цинк, мыс т.б.), сұйық (сынап, бензин, қышқыл т.б.), және газ 
немесе бу (көміртек тотығы, күкіртті газ, хлор, азот тотықтары, ацетилен т.б.) түрлерінде 
болады.
Кейбір зиянды заттар барлық организмге жалпы әсерін тигізсе, кейбіреулері тек 
дененің әртүрлі мүшелеріне ғана зиянын келтіреді. Бірақ зиянды заттардың жергілікті 
әсері кейіннен дененің жалпы ауруына айналып кетуі мүмкін. 
Зиянды заттар организмге мынандай жолдармен кіруі мүмкін: тыныс органдары, ас 
қорыту органдары, тері. Осы жолдардың ең қауіптісі тыныс органдары болып табылады. 
Өйткені дем алғанда жұтқан ауадағы зиянды заттар өкпеге қанға тез түсіп, организмді 
лезде уландырады.
3. Жұмыс зонасының ауасында әр зиянды заттың ақырғы шекті концентрациясы 
(АШК) белгіленген (мг/м³). АШК деп күнделікті жұмыс кезінде және көп жыл бойы адам 
организмінде ешқандай зиянды өзгерістер туғызбайтын заттардың концентрациясын 
айтады. 
Зиянды заттар организмге мынандай жолдармен кіруі мүмкін: тыныс органдары, ас 
қорыту органдары, тері. Осы жолдардың ең қауіптісі тыныс органдары болып табылады. 
Өйткені дем алғанда жұтқан ауадағы зиянды заттар өкпеге қанға тез түсіп, организмді 
лезде уландырады.
Зиянды заттармен улану ауырлығы бірнеше факторлармен байланысты болады. Ол 
факторлар: удың организмге кіру жлдары, концентрациясы, химиялық структурасы, 
ерігіштігі, әсер ету ұзақтығы, ауаның температурасы, организмнің сезімталдығы мен 
физикалық күйі т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет