Оқу пәнінің мақсаты – ортадан жоғары деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан
меңгерту, сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде
сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен
сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға
қазақша тілдік қатынасты игерту.
Оқу пәнінің міндеттері: -Жоғары сынып оқушыларының білімін тілдік, танымдық, лингвомәдениеттанымдық,
ұлттық-әлеуметтік, өркениеттік-әлемдік тұрғыдан тереңдетіп, қазақ тілін ұтымды игерудің
коммуникативтік бағытын жүзеге асыру;
-қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгерту: оқушының өз ойын, пікірін, көзқарасын
еркін, дұрыс, нақты (ауызша және жазбаша) жеткізе білуін іске асыру;
-оқушылардың қазақша дұрыс, түсінікті сөйлеуі мен сауатты жазуын жүзеге асыру;
-жеке, қоғамдық-әлеуметтік, бағдарлы бағыттағы жағдаяттарды жан-жақты ескере отырып,
қазақша тілдік қатынасты бағдарлы түрде жүзеге асыру.
Оқу мақсаттары бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады:
1) тыңдалым және айтылым;
2) оқылым;
3) жазылым;
4) әдеби тіл нормаларын сақтау.
«Тыңдалым және айтылым» бөлімі: болжау, әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау, ондағы
берілетін ақпаратты анықтау, негізгі ойды анықтау, тыңдалым материалы бойынша жауап
беру және бағалау, сөйлеу мәдениетін дамыту.
«Оқылым» бөлімі: ақпаратты түсіну, мәтіннің стильдік және жанрлық ерекшелігін тану,
сұрақтар құрастыра білу, анализ жасау, мәтіннен қажетті ақпарат алу.
«Жазылым» бөлімі: жоспар құру, әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру, жазба жұмыстарын
әртүрлі формада ұсыну, эссе жазу, оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы
мәтін жазу, мәтіндерді түзету және редакциялау.
«Әдеби тіл нормаларын сақтау бөлімі» – орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық,
грамматикалық, пунктуациялық нормадан тұрады.
Жоғарыда айтылып өткендей қазіргі таңдағы мәні мен маңызы зор өзекті мәселелердің бірі
– оқушылардың тілін дамыту процесі. Оқушыларды сабақтың басынан бастап сөйлесім әреке-
тіне баулу, тілді үйретуді күнделікті өмірде жүзеге асыру, сабақты практикалық жағынан жан-
жақты қамтамасыз ету ескеріліп отырады. Фразеологизмдердің жеңіл түрімен сөйлемдер құра-
ту және ауызекі сөзде қолдану оқушыны әдеби тілде ауызша сөйлетуге және жазбаша сауатты
жазуға үйретеді. Сөйлеуге және дұрыс жазуға үйрету – бір-бірімен тығыз байланысты процесс.
Бірақ сөйлеуге үйрету әрдайым жазуға үйрету процесінің алдында келетіні ескеруіміз қажет.
Тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру – оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын
арттырады. Кез-келген тақырыптағы тілдесім үдерісі сөйлеу, жазу, оқу, тыңдау әрекеттері
арқылы іске асады. Сөйлем дәрежесінде оқушылардың тілі ұстарып, ойлауы дамиды,
байланыстырып сөйлеуге машықтанады. Синтаксис курсының мектепте оқытылуының тілдік
жүйе түрінде түсініп білуінде үлкен маңызы бар. Тілі жақсы дамыған оқушы ойын дәл
жеткізеді, оқуды да ойдағыдай меңгереді. Тіл дамыту – ой дамыту. Тіл – ойлау құралы. Белгілі
педагог К. Д. Ушинский оқушының ана тілінің білім алуда басты құрал екендігін айта келіп
«Өзінің ана тілінің мазмұнын, мағынасын жете түсінбеген, оны ауызша және жазбаша сөйлеу
дағдысында дұрыс мәнінде қолдана алмаған баланың басқа пәндерді дұрыс түсінуіне қабілеті
жете бермейді, бұл оның бүкіл өміріне зияның тигізеді» деген еді. (К. Д. Ушинский. Человек
как предмет воспитания, 1949. стр. 13).
Синтаксиске қатысты тақырыптарды оқытқанда оның заңдылықтары жаттығулар, мазмұн-
дама, шығарма жазумен бекітіліп, оқушының тілін дамыту жұмыстарымен ұштастырылады.
Оқушының ойлау мен сөйлеу дағдыларын жетілдіру жолдарындағы ізденістерде оның
53
неғұрлым түсінікті, жинақты, нақты болғанын, өз ойын дәл айтуын қадағалап отыру керек.
Оқушының оқуға деген ынта-ықыласын, қызығушылығын жойып алмау мақсатында кез-
келген тапсырманы берер кезде оқушы ұғымына сәйкес, түсінікті болуын ескеру қажет. Сөз
тіркесі, сөздердің байланысу түрлері, тәсілдері жайында алған ұғымдарын оқушылар сөйлем
құрастыруда, өз ойларын жазбаша да, ауызша да жүйелі жеткізе білуге пайдалануға
дағдыландыруды мұғалім үнемі қадағалап отыруы керек деп ойлаймын. Синтаксис сабағында
тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік бейімделу үдерісінде алған білімдерін
пайдалана білуге үйретуі тиіс.