— 53 —
Тоқыма өнеркәсібі
Тоқыма өнеркәсібі – жеңіл өнеркәсібінің мал
жүнінен, өсімдік, жасанды және синтетикалық тал-
шықтардан мата тоқу ісімен шұғылданатын салалар
жиынтығы. Оған мақта – мата, жүн, зығыр, кендір
кенеп өнеркәсібі, мақта өндірісі, мата емес материал-
дар өндірісі т.б. салалар жатады.
Табиғи тоқыма талшықтың ең маңызды, әрі ар-
зан, әрі кең тараған түрі – мақта талшығы.
Жеңіл Өнеркәсіптің «кез келген жерде» орналаса
беретін саласы – тоқыма өнеркәсібі.
Үйде отырып табыс тапқым келеді дейтін келін-
шектер үшін бұл өте тиімді бизнес.
Артықшылықтары:
• минималды шығындар;
• үйде отырып та айналысуға болатын іс;
Кемшіліктері:
• табыс маусымға байланысты;
• қол жұмысы көп уақытты алуы мүмкін.
Тоқыма өнеркәсібіне тән мынадай ерекшелік-
терді атап өтуге болады:
• тұтынушымен тығыз байланыс, сол немесе өзге
аумақтағы халықтың тарихи-географиялық және әле-
уметтік-экономикалық даму деңгейіне тәуелділік;
• сәннің, талғамның және т.с.с. ауысып отыруы-
на байланысты шығарылатын өнім ассортиментінің
тез ауысуынан көрінетін саланың серпінділігі;
• шикізатқа, жартылай фабрикаттарға, фурни-
тураға және оның рәсімделуіне, сондай-ақ технологи-
— 54 —
яға және өндірістің ұйымдастырылуына қойылатын
талаптардың өзгеріп отыруы;
• жұмыс күшінің кәсіби деңгейіне (шығар-
машылық білімінің, талғамының болуы және т.с.с.)
қойылатын ерекше талаптар.
Жалпы тоқыма өнеркәсібі дамушы елдер тобын-
да жылдам қарқынмен дамуда. Бүгінде әлемдік тоқы-
ма өнеркәсібінде бес басты аймақ қалыптасты: Шығыс
Азия, Оңтүстік Азия, ТМД, Батыс Еуропа және АҚШ.
Әлемдегі тоқыма өнеркәсібінің басты аймағы Азия
болды. Мақта-мата кездемелерін негізгі өндірушілер
Қытай мен Үндістан болып табылады.
Осы ретте егер сіз де тоқыма ісімен айналыса-
мын десеңіз жоғарыда аталған елдердің тәжірибесін
қолдана отыра, отандық нарыққа өз ерекшелігіңіз-
бен, кәсібіңізге деген басымдылықтарды ойлап табу
арқылы, тез клиент таба бастайсыз.
|