— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет41/88
Дата31.10.2022
өлшемі4,82 Mb.
#46511
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   88
    Бұл бет үшін навигация:
  • Видео
Топ 5. Дизайн трендтері 
1. 3D – визуалды тұрғыда адам жанарына суретті 
жақын қылып көрсетеді. Тауарды жақын тұрғандай 
әсер етіп, миды шындыққа жанасымды етіп сендіреді.
2. Изометрия – қиғаш сызықтармен сызылып 
өрнектелген ерекше дизайн. Оның үстіне көптеген 
сызықтар түрлі түске боялғанда сіздің парақшаңыз 
жарқын, қанық түстермен ерекшеленіп, фотоңыз 
әсерлі бола түседі. 


 — 97 —
3.Антигравитация – картинаға қараған кезде зат-
тар жоғары ұшып, жүзіп жүргендей әсер қалдырады. 
Оқырманға да бұл эффект жеңіл әсер етіп, тауарды 
сатып алуға ықпал етуі мүмкін. 
4. Сюрреализм, мозаика және арт коллаж - әлемді 
жаппай жаулап жатқан дизайн. Ұқсас емес дүние-
лердің үйлесімділігін табу, фотоның бетіне сурет салу
эмоция туғызатын, қызық туындылар. Туындыға бір 
қарағанда назар аудартудың жақсы құралы. Модерн 
арт деген атаумен де танымал. Бұл өнер – мейрамха-
на, демалыс орындарында кеңінен пайдаланылуда. 


 — 98 —
5. Анимация – қазіргі таңда инстаграмда жиі қол-
данылып жүрген дизайнерлік трендтердің бірі. Жа-
риялайтын постыңызға қимыл қозғалыс беріп, түр-
лі-түсті әсер береді. Оқырманға позитив сыйлайды, 
есте жақсы сақталады. Бизнес саласында өзіңіздің 
логотипіңізге, тауарыңызға тиімді пайдалансаңыз 
болады. 
Видео
 
Қазіргі таңда фотосуреттерге қарағанда 
видеоның оқырманға әсері басым. Бұрындары 
парақшада 1 минутқа ғана негізделген видео 
салынатын болса, қазір шектеу жоқ. IGTV-да 10 
минутқа дейін видеоны жүктей аласыз. Инстаграмның 
берген бұл мүмкіндігін де тиімді пайдаланған жөн. 
Тауарыңызды толық сипаттап, тіпті мамандардың 
пікірін 10 минутқа жинақтап, оқырманға сапалы 
өнім ұсынуыңызға әбден болады. Аккаунтыңызды 
қызықты қылу үшін арнайы айдар тауып, видеоны 
өндеп, пайдалы ақпаратпен бөліссеңіз, қаралым 


 — 99 —
саны да өседі. Жаңа идея табу, таңқалардық видео 
жасап шығару сіз ойлағандай қиын емес, егер арнайы 
видео-редакторға қызығушылығыңыз болса, кәсіби 
болмаса да, өз тауарыңызды жарнамалай алатындай 
деңгейде жұмыс істеуге болады. Ал инстаграмдағы 
видео түсініктің тамаша бір мүмкіндіктерінің бірі 
– тікелей эфир. Оқырманмен байланыс орнататын, 
ара-қатынасты жақындататын, тапсырыс 
берушілерді жинайтын таптырмас құрал. Бизнесті 
дамыту аясында тікелей эфир арқылы ойындардың 
нәтижесін жариялап, кәсібіңіздің ішкі құрылысымен 
таныстырып, адамдарға сенім ұялатып, сұхбат 
құруға болады. Ал сол тікелей эфирде қозғайтын 
әңгімеңіздің тақырыбын алдын ала ойластырып, 
дайындық жүргізген дұрыс. Себебі оқырмандарды 
тұрақты клиентке айналдыру оңай шаруа емес.
Тікелей эфир арқылы төмендегідей шаралар 
жүргізуге болады:
Ò
Салтанатты кештерді онлайн көрсету;
Ò
Жаңа коллекцияларды таныстыру;
Ò
Тікелей эфир арқылы оқырмандардың сауалына 
жауап беру;
Ò
Эксперттермен сұхбат жүргізу;
Ò
Онлайн курс жүргізу;
Ò
Ойын, акция, марафонның жеңімпаздарын 
анықтау.
Тікелей эфирге адамдар бір уақытта кіру үшін 
алдын ала пост немесе историяға жариялап, ескерту 
арқылы жинай аласыз. Эфирдің ұзақтығы 1 сағатқа 
дейін жалғасады. Тікелей эфирді 24 сағат бойы сақтап 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет