— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет42/88
Дата31.10.2022
өлшемі4,82 Mb.
#46511
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   88
 — 100 —
қоюға болады.
История (Stories) – 24 сағат бойы сақталатын 
медиа, қаралым жағынан посттан бірнеше есе асып 
тұр. Аты айтып тұрғандай фото немесе видеоларды 
күнделікті өмір салтын салу үшін жүктейді. 
Историяның басты ерекшелігі оқырмандарға 
бизнесіңіз жайлы жиі есіне салып тұрасыз. 15 секундқа 
негізделгенімен, оқырманның назарын 3 секунд 
ішінде өзіңізде ұстап қалмасаңыз, оқырман кезектісін 
оп-оңай ауыстыра береді. Инстаграмның бұл құралын 
дұрыс пайдалансаңыз, аудитория сізді ұмытпай, тіпті 
жоғалып кетсеңіз, іздеуге дейін барады. Историяда 
түрлі қызықты жазбалар мен қимылдайтын суреттер 
(gif), кез келген сайт, ютубқа тікелей қосылуға немесе 
«Директке» жазба қалдыруға мүмкіндік береді.
 «История» бизнесті дамыту құралы ретінде:
1. Оқырманға жұмыс барысын түсіндіретін қызықты 
видео ұсыну
2. Мақсатты аудиторияны елітіп әкететін фотога-
лерея жасау
3. Өзіңіздің бизнесіңіздің маскасын ойлап табу және 
оны оқырмандарға жолдау
4. Әдемі мәтінмен, қызықты сурет, коллаждармен 
эмоцияға толы фото-видео жүктеу
5. Жеңілдіктер, конкурс сайыстарын ұйымдастыру
6. Сұрақ қою, кері байланыс орнату
7. «Директ» арқылы тұтынушылардың ұсыныста-
рын қарастыру
8. Түрлі сайыстардың нәтижесімен бөлісу
9. Эстафета, марафон, квест ұйымдастыру 


 — 101 —
10. Өткен посттарды еске салып, бөлісу және т.б.
Көп жағдайда парақшаны жүргізетін жандар дәл 
осы история мен тікелей эфирге шығуға ұялады. Ал 
бизнесті дамытуда, жеке брендті қалыптастыруда 
инстаграмның дәл осы функциялары таптырмас 
құралдардың бірі. Эмоцияға толы фото, видео 
түсірудің де нәтижесі тауарды сатуға септігі мол. 
Сондай-ақ, сіздің тауарыңызды алған жандардың 
да пікірімен stories-те бөліссеңіз, белсенділік арта 
түседі. Ал посттың астындағы пікірлердің бәріне 
жауап беруге тырысу керек. Тіпті әр жазған пікірге 
лүпіл басып кетсеңіз, оқырман қуанып қалады. Ал 
жағымсыз пікірлерді реттеу тікелей сіздің қолыңы-
зда. Инстаграмның (настройка) жөндеу бөліміне 
кіріп, пікірлер деген бөлігіне жаман сөздерді немесе 
жағымсыз сөздерді кілт сөз ретінде тіркеп, ешкім дәл 
сондай сөзді комментарий ретінде жаза алмайтындай 
істей аласыз. Яғни, пікірлеріңіз қоқысқа толы боғауыз 
немесе жағымсыз пікірлерден құралмайтын болады. 
Өзіңіз қалаған өзгерістерді еңгізу арқылы біраз 
жандардың сіздің парақшаңызға жазған пікірлердің 
жарияланбауын жоя аласыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет