— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020



Pdf көрінісі
бет86/88
Дата31.10.2022
өлшемі4,82 Mb.
#46511
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88
 — 198 —
қолыңыз жетпеген сүйікті ісіңізге арнау мүмкіндігі. 
Өзіңіздің жұмыс жасауға деген құлшынысыңызды 
тұншықтырмаңыз.
60-70 жастағы адамдардың қалған өмірі тек газет 
оқып, шай ішумен өтетініне сенімдісіз бе? Статисти-
каға сүйенсек, дәл осы жаста тұрақты кіріс әкелетін 
ең ерекше және тұрақты бизнестің негізі қаланады. 
Интернетте іскер әжелердің шілтер тоқып сатып не-
месе өздері үшін түрлі курстар ұйымдастырғаны ту-
ралы мысалдар толып жатыр. 
Жұмысқа деген құштарлық болмаса, сіз ерте 
ме, кеш пе сәтсіздікке ұшырайсыз. Кемелденген 
кәсіпкерлер нені ұнататындығын және нені істегісі 
келмейтінін жақсы біледі және өздері айналысатын 
істі хоббилеріне айналдыра алады. Жасы ұлғайған 
сайын адам өз шеберлігін шыңдайды, сондықтан 
жоғары білікті маман болады. Бұл кәсіпкерлерге де 
қатысты. Сізде сіздің біліктілігіңізді келесі деңгейге 
көтеруге көмектесетін баға жетпес білім базасы 
болғандықтан өз кәсібіңізді ашуға еш қорықпаңыз. 
Сіздің тәжірибеңіз – бұл ең қажетті нәрсе, сондықтан 
қолыңызда тұрғанда пайдаланып қалыңыз. Сіздің 
сәтсіздіктеріңіз – сіздің болашақ жетістігіңіздің кілті. 
Көптеген жас кәсіпкерлер өзін-өзі жоғары бағалауы 
және белгілі бір сенімділік деңгейіне ие болуы мүмкін, 
бірақ оларда тәжірибе деген дүние тапшы. Тәжірибелі 
маман ретінде сіз жеңістермен де, жеңілістермен де 
бетпе-бет келдіңіз. Өмірдің бұл кезеңі сіз армандаған 
барлық нәрсені жүзеге асыру үшін өте қолайлы. 
Жас кезде сізде тәжірибе, байланыстар және ақша 
аздау болуы мүмкін, сондықтан идеяларды іске 
қосудың мүмкіндіктері шектеулі. Ал, ересектерде 


 — 199 —
жобаның сәтті дамуы үшін көбірек мүмкіндіктер бар. 
Әрине, сіз бизнесті нөлден бастай аласыз, сондай-ақ 
танымал брендтің франшизасын сатып алу арқылы, 
өз кәсібіңізді жетілдіре аласыз. Немесе сіз біреудің 
жобасын жүзеге асыру үшін қаражат ұсына отырып, 
инвестор бола аласыз. 
Өз бизнесіңізді бастау ешқашан кеш емес, өйткені 
40 жастан асқан адамда икемділік, адамдарды түсіну, 
қарым-қатынас құру дағдылары, иллюзиялардың 
болмауы және байланыстардың болуы сияқты 
талассыз артықшылықтар бар. 
Сіздің жасыңыз қаншада екені маңызды емес. 
Кез келген жаста сүйікті ісіңізбен шұғылдана 
алатыныңызға сенімді болыңыз. Егер сіз өзіңізге 
ұнайтын нәрсені жетік білмесеңіз, жағдайды шұғыл 
түрде түзетіңіз. Адамның жас мөлшері жай ғана цифр. 
Өзіңіздің сүйікті ісіңізді кәсіпке айналдыру ешқашан 
кеш емес. Сіздер мен біздерде мүмкіндік жетерлік. 
Сондықтан өзіңізден «кәсіпкерлікпен айналыссам 
кеш емес пе?» деп сұрағанша, өзіңізге «қандай іспен 
айналыссам өзімді бақытты сезінемін?» деген сауал 
жолдағаныңыз дұрыс болар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет