Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: осы кітапты оқу арқылы сізге кәсібіңізді бастауға негізі бағытымды бердім. Десе де, өз өміріңізді өзгерту тек сіздің қолыңызда. Мен тек себепші болуым мүмкін. Олай болса, іске кірісіңіз. Әрекетке-берекет!
— 200 — Глоссарий
Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) – салық органдарында өз-өзін жұмыспен
қамтығандардың қызметін тіркеудің
оңайлатылған тәртібі.
Коммерциялық емес акционерлерлік қоғам (КЕАҚ) – кiрiс түсiру негiзгi мақсаты
болып табылмайтын және алынған таза кiрiстi
қатысушылар арасында бөлмейтiн заңды тұлға
коммерциялық емес ұйым деп танылады.
Экономикалық қызмет түрлерінің жіктеуіші (ЭҚТЖ) – экономикалық қызмет түрлері
бойынша өнімді жіктеу және кодтау тәртібін
және өнім кодтарын белгілейді.
Акциз – тұтыну тауарларының және көрсетілетін
қызметтердің бағасына қосымша салынатын
салықтың бір түрі.
Лизинг – бұл лизинг берушінің (жалға берушінің)
өзіне тиесілі құрал- жабдықтарды, машиналарды,
ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-
саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды
лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу
шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға
беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Патент – мемлекеттің жеке адамға (фирмаға)
беретін және онын өнертапкыштыкты белгілі
бір мерзім ішінде пайдалануына ерекше
құқықты мойындауды қамтамасыз ететін құжат;
салық төлеушілердің жекелеген топтары үшін
жеңілдетілген салық режимін тағайындайтын
— 201 — құжат; белгіленген шарттарды сақтау мен
төлемді енгізу (патенттік алым) кезінде, белгілі
бір қолөнер кәсібі немесе тірлікпен (сауда,
тауарды сатып алу және т.б.) айналысуға рұқсат
беретін құжат.