Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет103/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

 
TNF- және TNF-: 
 МФ белсендiредi, яғни макрофагтардың қан тамырларынан қабыну 
ошақтарына қарай жылжуына ықпал етедi; 
 зақымдалған макрофагтарға цитотоксикалық әсер ету. Ыдыраған 
макрофагтардан шыққан бактериялар жаңа макрофагтармен жұтылу 
салдарынан иммундық жауапты күшейедi; 
 iсiк жасушасын, вируспен зақымдалған және басқа да бөгде жасушаларда 
апоптозды iске қосу арқылы жояды. 
 
ИЛ-3 және ГМ-КСФ: 
 сүйек кемiгiнде макрофагтардың дифференцировкасын шақырады; 
 тимустағы Т-лимфоциттердiң дифференцировкасын ынталандырады. 
ИЛ-8: 
 хемотаксис, серпiлiс ошағында макрофагтардың жиналуы. 
 
ФУМ: 
 макрофагтардың қозғалысын тежеу. 
 
МАҒ: 


108 
 макрофагтардың 
белсенуiн 
шақырады, 
нәтижесiнде 
макрофагтар 
вирустарға қарсы және iсiктерге қарсы әсерлерi бар IFN- және TNF- 
өндiре бастайды. 
Тх2-жасушаларының негiзгi қызметтерi 
Тх2-жасушалары өндiретiн цитокиндерiнiң көмегiмен келесi 
қызметтердi атқарады: 
1. ИЛ-4 әсерiнен В-лимфоциттерде иммуноглобулиндердiң өндiрiлуiн IgЕ 
мен цитофилдi IgG (2, 4) алмастырады. 
2. Тх2-жасушалары ИЛ-4 көмегiмен Кумбс пен Джелл жiктелуi бойынша 
жоғары сезiмталдықтың I механизмiнде (атопиялық аллергиялар) 
маңызды қызмет атқаратын мес жасушаларының көбеюiн шақырады. 
Мес жасушалары вазоактивтi аминдерден (гистамин, брадикинин, 
серотонин 
және 
т.б.) 
басқа 
эозинофилдердiң 
гельминтердiң 
личинкаларына токсикалық әсерiн күшейтедi. 
3. Тх2-жасушаларымен өндiрiлетiн ИЛ-5 цитокинi де эозинофилдердiң 
көбеюiн шақырады.
4. ИЛ-5 сондай-ақ IgA өндiрiлуiн күшейтедi. 
5. Тх2-жасушаларымен өндiрiлетiн ИЛ-10, ИЛ-4 және ИЛ-13 Тх1 түзiлуiн 
және олармен ИЛ-2 мен IFN- өндiрiлуiн тежейдi. Сондай-ақ 
макрофагтармен ИЛ-12 өндiрiлуiн де тежейдi. Нәтижесiнде Т-
киллерлермен және макрофагтармен жүзеге асатын иммунды жауаптың 
барлық звенолары басылады. 
Сонымен, қалыпты жағдайда Тх2 цитофилдi иммуноглобулиндердiң 
(IgG2, IgG4 және IgE) өндiрiлуiн шақырады, сонымен қатар негiзгi 
секреторлы IgA өндiрiлуiн шақыру арқылы шырышты қабаттардың 
қорғанысын қамтамасыз етедi. 
Эозинофилдердiң көбеюiн ынталандыру және IgE өндiрiлуiн шақыру 
арқасында Тх2 гельминттерге қарсы иммунитетте шешушi рөл атқарады. 
Эозинофилдерде IgE үшiн Ғс-рецепторлар бар, осы рецепторлар арқылы 
гельминт личинкаларымен байланысқан иммуноглобулин эозинофилдiң 
дегрануляциясын 
шақырады. 
Нәтижесiнде 
бөлiнетiн 
медиаторлар 
гельминттердiң личинкаларына цитотоксикалық әсер етедi. 
Тх2 иммунды жауапты реттеуде маңызды рөл атқарады. Тх2 шамадан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет