19-шы сурет. Аутореакивті Т-киллерлердің жойылуындағы
апоптоздың маңызы
Аутореактивті Т-киллерлердің жойылуын сипаттайтын кесте 19-шы
суретте көрсетілген.
Жасанды төзiмдiлiк
Төзiмдiлiктi тек эмбрионалды кезеңде ғана емес, ересек организмде де
қалыптастыруға болады. Төзiмдiлiктi қалыптастыру (немесе табиғи
төзiмдiлiктi қалпына келтiру) аутоиммундық және аллергиялық ауруларды
емдеуде, сондай-ақ трансплантаттың керi қайтуының алдын алу үшiн өте
қолайлы.
Жасанды
төзiмдiлiктiң
механизмдерi
табиғи
төзiмдiлiктiң
механизмдерiмен ұқсас, бiрақ, мұнда шеткерi механизмдер, яғни клоналды
анергия, супрессия және апоптоз басты қызмет атқарады.
Жасанды төзiмдiлiктi қалыптастыру үшiн бiрқатар заңдылықтарды
есте сақтау керек.:
119
1. Антиген жетiлмеген Т- және В-лимфоциттермен әрекеттескен
кезде жасанды төзiмдiлiк жеңiл қалыптасады. Сондықтан, жасанды
төзiмдiлiктi қалыптастыру кезiнде иммунодепрессивтi әсер ету
керек,
яғни
иммунодепрессанттарды
қолдану
жасанды
төзiмдiлiктiң қалыптасуын бiршама жеңiлдетедi.
2. Антигеннiң сипаттамасын ескеру керек:
Антигеннiң мөлшерi. Төзiмдiлiктi антигеннiң немесе өте үлкен
мөлшерiмен, немесе өте төмен мөлшерiмен шақыруға болады. Орта
мөлшердегi антигендер иммундық жауапты шақырады. Төзiмдiлiктi
сақтау үшiн организмде антигеннiң бiраз мөлшерi үнемi болуы керек.
Антигеннiң күшi. Әлсiз антигенге қарсы төзiмдiлiктi шақыру күштi
антигенге қарағанда жеңiл.
Антигеннiң құрылысы. Антигеннiң құрылысы қарапайым болса
төзiмдiлiк жеңiл қалыптасады. Күрделi комплекстi антигендер, мысалы,
бактериалды жасушалар нашар толерогендер болып табылады. Бұл
жағдай кем дегенде екi факторға байланысты:
Бiрiншiден, күрделi кешенді антигендерде әртүрлi эпитоптардың
саны өте көп болады (поливаленттi). Ондай антигендерге толық төзiмдiлiк
шақыру өте күрделi, себебi бiр эпитопқа қарсы иммундық жауапты
тежегенмен, екiншi эпитопқа қарсы иммундық жауап сақталады.
Нәтижесiнде жартылай төзiмдiлiк қалыптасады. Сондықтан күрделi
антигендерге қарсы төзiмдiлiк жартылай болады. Бұл кезде, мысалы,
антидене синтезi тежелгенмен жасушалық иммунитет сақталуы мүмкiн
және керiсiнше. Кейбiр кезде IgG синтезi тежелгенмен IgM синтезi
сақталуы мүмкiн және т.с.с.
Екiншiден, күрделi антигендердiң үлкен молекулалары жеңiл
фагоциттелiнедi. Макрофагтарды өңдеу өткеннен кейiн олар Т-
хелперлердiң жұмысын эффективтi түрде қосады. Егер де антиген
молекуласы төмен молекулалы нәруыз болса, онда олар макрофагтармен
әлсiз жұталады да, өңделу үрдісіне ұшырамайды. Т- және В-
лимфоциттердiң рецепторларымен тiкелей байланыса отырып, олардың
блокадысын шақыра алады. Костимулдаушы белгiсi болмаса (В7 арқылы
немесе басқа костимулдаушы молекулалар арқылы) және АТЖ-дан
активтену белгiсi болмаса (ИЛ-1 немесе басқа цитокиндер қамтамасыз
етедi) антигентанушы рецепторлардың блокадасы сәйкес лимфоциттер
клонының анергиясын немесе апоптозын шақырады.
Антигендi енгiзу жолы. Егер антигендi ауыз арқылы жiберсе
төзiмдiлiк жеңiл қалыптасады. Себебi, тағам антигендерiн бауыр
макрофагтары қарапайым төмен мөлшердегi антигендерге дейiн
ыдыратады. Ал олар жақсы толероген болып табылады. Сондай-ақ,
iшектiң АТЖ төзiмдiлiктi қалыптастыруға маманданған (бiрақ бұл
механизм әлi толық ашылмаған) деп есептелiнедi.
Соңғы кездерi төзiмдiлiктi қалыптастыру үшiн бiрқатар жаңа әдiстер
қолдануда:
120
токсиндермен немесе радиоактивтi изотоптармен қосылған
антигендер қолданады. Осы антигендермен байланысқан Т- және
В-лимфоциттер жойылады;
белгiлi антигенге қарсы Т- және В-лимфоциттердiң клондарына
қарсы цитотоксикалық моноклонды антиденелердi қолдану;
жануарларға эпитоппен байланысатын ТЖР-дың вариабелдi
домендерiне арналған моноклонды антидене енгiзедi, нәтижесiнде
сәйкес клондардардың блокадасы қалыптасады;
антигенмен бiрге CD4 нәруызына моноклонды антидене енгiзедi,
нәтижесiнде Т-хелпермен антиген танылмайды.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе иммунологиялық төзiмдiлiкке
келесiдей қысқаша сипаттама беруге болады:
Иммунологиялық төзiмдiлiк дегiнiмiз – антигенмен шақырылған
арнайы иммунологиялық ареактивтiлiк. Иммунологиялық төзiмдiлiктi екi
бөледi: табиғи және жасанды.
Табиғи төзiмдiлiк негiзiнен эмбрионалды кезеңде организмнiң
меншiктi антигендерiне қарсы қалыптасады. Ол әдетте, толық болады
және қалыпты жағдайда өмiр бойы сақталады. Табиғи төзiмдiлiктiң
бұзылуы аутоиммундық аурулардың дамуына әкеледi.
Төзiмдiлiктi жасанды түрде кез-келген антигенге қалыптастыруға
болады. Мұндай төзiмдiлiк жасанды деп аталады. Егер антигендi
организмге эмбрионалды немесе ерте постнаталды кезеңде енгiзсе, онда
сол антигенге қарсы қалыптасатын төзiмдiлiк өзiнiң сипаттамасы бойынша
табиғи төзiмдiлiктен ажыратылмайды. Бiрақ, ол төзiмдiлiктi сақтап қалу
үшiн организмде сол антиген бiраз мөлшерде болуы керек.
Ересек
адам
организмiнде
төзiмдiлiк
қалыптастыру
үшiн
иммунодепрессивтi әсер керек.
Төзiмдiлiктi қалыптастыру антигенннiң мөлшерiне (антигеннiң
немесе өте үлкен мөлшерi, немесе өте аз мөлшерi керек), күшiне (әлсiз
антигендерге төзiмдiлiк жеңiл қалыптасады), құрылысына (қарапайым
антигендерге, соның iшiнде төмен молекулалы ерiгiш антигендерге қарсы
төзiмдiлiк жеңiл қалыптасады), сондай-ақ антигендi енгiзу жолына (ауыз
арқылы жiберу) байланысты.
Жасанды төзiмдiлiк көбiне жартылай немесе толық емес болады.
Уақыт өткен сайын жасанды төзiмдiлiк жоғала бастайды, сондықтан оны
үнемi сақтап отыру үшiн арнайы шаралар керек. Ең алдымен, антигеннiң
организмде үнемi болуы.
Табиғи және жасанды төзiмдiлiктiң механизмдерi бiрдей.
Бiрiншi (орталық) – клонды делеция – иммунитеттiң орталық
мүшелерiнде, соның iшiнде тимуста аутореактивтi клондардың терiс
сұрыпталу нәтижесiнде жойылуы. Бұл табиғи төзiмдiлiктiң ең басты
механизмi болып табылады. Бiрақ, бұл екiншi механизмдер тобымен –
иммунологиялық төзiмдiлiктiң шеткерi механизмдерiмен толықтырылады.
Шеткерi механизмдерге жатады:
1. тимустағы терiс сұрыпталудан сақталып қалған аутореактивтi Т-
хелперлер клондарының анергиясы немесе апоптоздан жойылуы
121
(тимустың жасқа тәуелдi инволюциясына байланысты мұндай
клондардың процентi қартайған адамдарда жоғары болады, бiрақ,
кез-келген жаста мұндай клондардың жоғарылауына тимустағы
патологиялық үрдістерге әкелуi мүмкiн. Мысалы, аутоиммундық
тимит);
2. супрессор-жасушалардың
қызметi
(CD8+30+
Т-супрессор;
CD4+Тх1 және Тх2);
3. ерiгiш антигендермен жетiлмеген Т- және В-лимфоциттердiң
рецепторларының блокадасы, костимулдаушы белгiнiң болмауы
салдарынан олардың клондары анергияға немесе апоптозға
ұшырайды;
4. аутореактивтi Т-киллерлердiң организмнiң меншiктi жасуша
бетiнде аутоантигенмен әрекеттесуi нәтижесiнде апоптоздан
жойылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |