Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


 немесе лимфотоксин және  грэнзимдер



Pdf көрінісі
бет106/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)


немесе лимфотоксин және 
грэнзимдер немесе фрагментиндер. 
Егер перфорин мөлшерi аз болса, апоптоз механизмдерi басымырақ 
болады. Себебi, перфорин әсерiнен түзiлген саңлаулар арқылы нысана-
жасушаға 
фрагментиндер 
түседi. 
Олар 
бiрқатар 
ферментативтi 
серпiлiстердiң белсенуiн шақырады, нәтижесiнде жасуша ядросы 
фрагментацияға ұшырау салдарынан нысана-жасуша апоптозға кетедi.
Мембранды молекула Fas (молекулалық салмағы 48000) апоптозды 
шақыратын 
маманданған 
рецептор 
болып 
табылады. 
Бұл 
молекула 
iсiкнекроздаушы факторларға арналған рецепторлар тобына жатады. Аталған 
трансмембранды молекуланың цитоплазмалық бөлiгiне «жойылу доменi» кiредi, 
ол апоптозға әкелетiн жасушаiшiлiк ферментативтi серпiлiстер тiзбегiн iске 
қосады. Fas-рецептор үшiн табиғи лиганда болып TNF--ның гомологы болып 
табылатын Fas-лиганда қызмет атқарады. Ұқсас рецепторлар арқылы TNF- да 
апоптозды шақырады. Бұл лимфокин нысана-жасушадағы Fas-рецептормен 
байланысу арқылы аралық молекулар көмегiмен ДНК фрагментациясын 
шақыратын ферменттердiң белсенуiн шақырады, нәтижесiнде нысана-жасушаның 
апоптозын шақырады. 
Сондай-ақ, Т-киллерлер көбеюдi аутокриндi ынталандыратын ИЛ-2 
өндiредi. Т-киллер өндiретiн басқа маңызды цитокинге IFN-

жатады, оны 
иммунды интерферон деп те атайды. IFN- нысана-жасушаларда I класс 
МНС нәруыздарының экспрессиясын жоғарылату арқылы Т-киллерлердiң 
антигендi тану эффективтiлiгiн жоғарылатыда. Сонымен қатар, IFN-

 
макрофагтардың белсенуiн шақырады, нәтижесiнде олар серпiлiс 
аймағына жылжып, сол аймақтарда эффекторы қызметiн және иммундық 
жауапқа 
Т-киллерлердiң 
қосымша 
қосылуына 
ықпал 
ететiн 
антигентаныстырушы жасуша қызметiн атқарады. Сондай-ақ, макрофагтар 
нысана-жасушалардың некроз бен апоптоз үрдiсi кезiнде ыдыраған 
фрагменттерiн жұтады.
Т-киллердiң әсерiнен нысана-жасушалардың ыдырау үрдiсiн үш 
кезеңге бөлуге болады. 
Бiрiншi кезеңде (арнайы) Т-киллердiң антигентанушы кешенi нысана-
жасуша бетiндегi иммуногендi комплекспен (эпитоп + I класс МНС 
нәруыздары) арнайы байланысады, нәтижесiнде Т-киллер белсенедi.
Екiншi кезеңдi «леталды соққы» деп атайды. Бұл кезеңде Т-киллерлер 
құрамында перфорин, фрагментин және TNF- бар секреторлы 
гранулаларды бөледi. 
Үшiншi кезең – қорытынды кезең. Нысана-жасуша немесе некрозға
немесе апоптозға ұшырайды. Т-киллер өзi зақымдалмайды, сонымен қоса 
ол қайтадан цитотоксикалық әсердi жүзеге асыруы мүмкiн. 


112 
18-ші суретте Т-киллердің нысана-жасушаға цитоксикалық әсер ету 
механизмі көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет