Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет112/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

ЦИТОКИНДЕР 
 
Интерлейкиндер. 
Iсiк 
некроздаушы 
факторлар. 
Колониябелсендіруші факторлар. Интерферондар. Өсу факторлары.
Хемокиндер. Цитокиндердiң биологиялық әсерлері. Клиникада 
цитокиндердi қолдану (цитокиндiк және антицитокиндік терапия). 
Цитокиндер – түрлi антигендерге қарсы иммундық жауапта және 
арнайы емес қорғаныста орын алатын иммунды жүйенiң жасушаларының 
арасындағы кең және күрделi ара-қатынастарды қамтамасыз ететiн, 
иммунды жүйенiң белсендiрiлген жасушаларының нәруызды немесе 
полипептидтi өнiмдерi болып табылатын медиаторлар. Басқаша айтқанда, 
цитокиндер 
иммундық 
жүйенiң 
жасушаларының 
әрекеттесуiнiң 
гуморалдық құрастырушысы. Қазiргi таңда иммундық серпiлiстер мен 
қабынудың ұзақтығы мен күшiн реттей алатын 40-тан астам цитокиндер 
табылған. 
Цитокиндердiң 
маңызы 
иммунология 
саласымен 
ғана 
шектелмейдi, олар қан түзуге, патологияның дамуына белсенді қатысады. 
Цитокиндер әр түрлі белгілерге жауап ретінде өндіріліп, жүйелі әсер 
келтіреді (айналымдағы қанда - эндокринді әсер, бір жасушадан басқа 
жасушаға – паракринді әсер және жасушаның өзі өзіне – аутокринді әсер).
Цитокиндерді 
бірнеше 
топқа 
бөледі: 
интерлейкиндер 
(лейкоциттердің өзара әрекеттесу факторы), интерферондар (вирустарға 
қарсы белсенділігі бар цитокиндер), ісік некроздаушы факторлар 
(цитотоксикалық белсенділігі бар цитокиндер), колониястимулдаушы 
факторлар (гемопоэтикалық цитокиндер) және хемокиндер (толық 
зерттелмеген хемотаксисті белсендіретін медиаторлар). Бірақ аталған 
топтарға жіктелу шартты. Өндірілу көздері әр түрлі және құрылымы 
ұқсамайтын цитокиндердің биологиялық қызметтері ортақ болуы мүмкін. 
In vivo анықталатын эффектілердің бір қатары әртекті цитокиндермен 
шақырылады, бұл ерекшелік организмнің қорғаныс жүйесінің қызметінің 
сенімділігін жоғарылатады және реттеуді қамтамасыз етеді.


122 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет