123
цитокиндердің
секрециясының ең
жоғары деңгейі
Қалыпты жағдайда
стромалық жасушалар цитокиндерді аз
мөлшерде өндіреді. Зақымдау және патогендік
факторлар болмаса
цитокиндердің өнімі қан түзу жасушаларымен тікелей әсерлесу
нәтижесінде қоздырылатын сияқты. Бактериалдық өнімдер цитокиндердің
синтезін белсенді түрде күшейтеді. Қан түзу ағзаларымен шектелмей,
сонымен қатар, агрессия ошақтарының барлығында қан түзудің
экстрамедулярлық ошақтарының қалыптасуы байқалады. Осындай
белсенділік қоздырылған терінің
және шырышты қабаттардың
эпителиалдық жасушаларында да байқалады.
Миелоидтық – моноцитарлық жасушаларының цитокиндерді
(монокиндерді) өндіруі, көбінесе, бактериалдық өнімдердің әсерінен
болады.
Сонымен қатар оны метаболиттер, цитокиндердің өздері,
пептидтік факторлар, полиэлектролиттер,
қоршаған жасушалармен
әсерлесу, адгезия мен фагоцитоз процесстері қоздыра алады. Моноциттер
мен макрофагтардың цитокиндерінің гендері 1 сағаттың ішінде белсенеді,
нәтижесінде цитокиндер тез арада ортада пайда болады. Аталған
жасушалардын цитокиндерінің ішінде
қабынудың дамуына қатысатын
факторлар басым кездеседі. Оларды монокиндер деп атайды.
Лимфоциттер цитокиндердің (лимфокиндердің) продуценттерінің
үшінші тобын құрайды. Лимфоциттердің барлық түрлері цитокиндерді
өндіре алса да, CD4
+
- хелпер жасушалары олардың «мамандалған»
өндірушісі болып табылады. Қоздырылмаған лимфоциттер гуморалдық
факторларды
өндірмейді.
Жасушалардың
қоздырылуы
антиген
байланыстырушы рецепторлары мен корецепторлардың
әрекеттесуінің
нәтижесінде басталады. Лимфокиндердің алғашқысы – ИЛ-2 – Т-
жасушаларының цитоплазмасында стимуляциядан кейін 2 сағатта пайда
болады, ал басқа лимфокиндер белгілі тәртіп бойынша кейінірек пайда
бола бастайды: ИЛ-4 - 4 сағаттан кейін, ИЛ-10 - 6 сағаттан кейін, ИЛ-9 - 24
сағаттан кейін. Әр цитокиннің өнімінің ең жоғары деңгейі әр уақытта
байқалады: ИЛ-2 - 12
сағаттан кейін, ИЛ-4 пен ИЛ 5 - 48 сағаттан кейін,
ИЛ-9 бен IFN-γ - 72 сағаттан кейін.
Бұл тәртіп Т-хелперлердің пісіп жетілу үрдістерінің көрсеткіші
болып келеді. “Аңқау” CD4
+
- жасушалары стимуляцияға жауап ретінде тек
қана ИЛ-2- ні өндіреді, содан кейін, Тх0ге айналып, бірқатар цитокиндерді
аз мөлшерде бөле бастайды. Жалғасқан (немесе қайталама) қоздыру
нәтижесінде Тх0 Тх1 мен Тх2
болып бөлініп, мембраналық фенотиптері
бойынша айырмашылықтары болмаса да, әр қайсысы өзіне ғана тән
цитокиндердің спектірін өндіреді ( №2-ші кесте).
Достарыңызбен бөлісу: