Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


CD8+ Т-лимфоциттердiң субпопуляциясының жалпы санының



Pdf көрінісі
бет109/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

CD8+ Т-лимфоциттердiң субпопуляциясының жалпы санының 
атопия кезiнде төмендуi CD8+CD30- Т-киллерлердiң санының 
төмендеуi және осымен қоса CD8+CD30+ Т-супрессорлар санының 
жоғарылауына байланысты болуы мүмкiн. Бұл кезде CD8+CD30+ Т-
лимфоциттер фагоцитарлы жолға (Тх1) супрессор болады, ал 
атопиялық 
аллергияның 
дамуын 
ынталандыратын 
Тх2-
жасушаларына хелперлiк әсер етедi. 


115 
Жоғарыда келтiрiлген мысалда Т-лимфоциттердiң хелпер мен 
супрессор субпопуляцияларына бөлiнуi салыстырмалы екендiгi өте 
жақсы көрсетiлген. Бiр жасуша бiр иммунологиялық үрдiс үшiн 
хелперлiк қызмет көрсетсе, сол уақытта басқа бiр үрдiс үшiн супрессор 
болуы мүмкiн. 
Бұл жағдайды айқындайтын мысалдарды келтiрейiк: 
Тх1 мен Тх2 субпопуляциялары бiр-бiрiнiң қызметiн тежейдi, яғни 
олар бiр-бiрiне супрессор болып табылады: 
 Тх1өндiретiн IFN-

Тх2 түзiлуiн тежейдi және ИЛ-4 цитокинiнiң IgE 
өндiрiлуiн ынталандыратын әсердi төмендетедi. Сондай-ақ Тх2 
өндiретiн ИЛ-4, 5, 10, 13 цитокиндерiнiң де өндiрiлуi тежеледi.
 Тх2 өндiретiн ИЛ-4, 10, 13 Тх1 түзiлуiн және олармен өндiрiлетiн 
цитокиндердiң түзiлуiн тежейдi. ИЛ-4 және ИЛ-10 әсерiнен ИЛ-2 мен
IFN- 
өндiрiлуi 
тежеледi. 
ИЛ-10 
(қабыну 
алды 
цитокинi) 
макрофагтардың қызметiн тежей отырып, олармен өндiрiлетiн қабыну 
алды цитокиндерiнiң түзiлуiн (ИЛ-1, 6, 8, 12, TNF-, ФУМ) тежейдi. 
ИЛ-12 өндiрiлуiнiң тежелуi (ол Тх0-жасушасынан Тх1-жасушасы 
бағытында дифференциялануда басты қызмет атқарады) Тх1 түзiлуiнiң 
төмендуiне әкеледi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет