|
Байланысты: immunologia Shortanbaev (2)ИНТЕРЛЕЙКИН–8
(адам
хромосомаларының
4-жұбы).
Хемокиндер тұқымдастығына жатады. Молекулалық салмағы 7500 Д
құрайды. ИЛ-8-дi макрофаг/моноциттер, фибробласттар, гепатоциттер, Т-
лимфоциттер, нейтрофилдер, глиобластомалар, астроцитома жасушалары,
NK-
жасушалары,
бiр
қатар
басқа
жасушалары
өндiредi.
Фитогемагглютинин, конканавалин А, ЛПС, ИЛ-1α мен ИЛ-1β, TNF-α, ИЛ-
3, IFNγ, форболдық эфирлер, вирусттер және бактериялар ИЛ-8 өнiмiн
белсендiредi.
ИЛ-8
хемоаттрактант
және
активатор
ретiнде
негiзi
нейтрофилдерге
әсер
келтiредi
(хемотаксис;
пiшiнiн
өзгерту;
дегрануляция, оттектiк жарылыс, супероксидтың өнiмi; цитозольде Са
+2
концентрациясы жоғарылуы; эндотелий жасушаларына, фибриногенге,
жасуша сыртындағы матрикске адгезияны жоғарлату; Саndida ablicans
өсуiн тежеу; лизосомалдық ферменттердiң бөлiнуiн жоғарлату). Сонымен
қатар, ИЛ-8 серпiлiс ошағына Т-лимфоциттер мен базофилдердiң
хемотаксисiн қамтамасыз етедi, гистамин мен лейкотриендердiң
бөлiнуiн күшейтiп ИЛ-3-тiң көмегiмен мес жасушалары мен базофилдердiң
дегрануляциясын белсендiредi. Моноциттердiң эндотелий жасушаларына
адгезиясын
жоғарлатады,
макрофагтардың
секреторлық
қызметiн
қоздырады, эозинофилдер мен тегiс салалы бұлшық ет жасушаларының
хемотаксисін шақырады, меланома жасушаларының адгезивтiлiгiн, қан
тамырларының пролиферациясын жоғарылатады.
Сонымен, ИЛ-8 қабыну кезiнде өндiрiлетiн, белгiлi жасушаларға
хемоаттрактант ретiнде қызмет ететiн цитокиндердiң тұқымдастығының
(жалпы саны 20-ға жетедi) жалғыз ғана өкiлi болып келедi. ИЛ-8-ге
қатысты жасушалар - нейтрофилдер. Сол себептен инфильтраттық немесе
тiндiк макрофактордан ИЛ-8 бөлiнiп шығуы зақымдалу немесе қабыну
ошағына нейтрофилдердi арнаулы түрде шақырады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|