Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет121/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

ИНТЕРЛЕЙКИН–4 
(хромосомалардың 
5-шi 
жұбы, 
ИЛ-5-ке 
арналған текке жақын). ИЛ-4 1981 ж. В-лимфоциттердi белсендіру 
факторы ретiнде бейнеленген. Басқа да аттары бар: B-cell growth factor 
I(BCGF-I), B-cell stimulatory factor I (BCSF-I), T-cell growth factor II (TCGF-
II), mast cell growth factor II (MCGF-II). ИЛ-4 - 19 000 – 22 000 Д жуық 
молекулалық салмағы бар гликопротеин, ИЛ-4 молекуласының құрамында 
белсендiлiкке маңызды дисульфидтік байланыс бар. 
ИЛ-4-тi, негiзi, Тх2-лер өндiредi, сонымен қатар, ИЛ-4 өндiрушiлерi 
болып мес жасушалары, базофилдер және В- жасушалық тiзбектер келедi. 
Сонымен қатар, аз мөлшерде ИЛ-4-тi Тх0-дер өндiредi. ИЛ-2-нiң синтезiн 
тежейтiн глюкокортикоидтердiң дозалары ИЛ-4-тiң өнiмiн жоғарлатады. 
Қартайған сайын ИЛ-4-тiң өнiмi күшейе түседi.
ИЛ-4-ке арналған рецепторлар көптеген жасушаларда табылған. ИЛ-
4-тiң Т-лимфоциттерге көрсететiн әсерi ИЛ-2-нiң әсерiне қарама қайшы 
келедi. ИЛ-4 тимоциттер мен белсендiрiлген Т- жасушаларының көбеюiн 
шақырады, сонымен қатар, ИЛ-4 CD4
+
жасушаларының Тх2-лерге 
айналуының негiзгi себепкерi болады, Тх2-лердiң аутокриндiк белсенуi 
және қосымша пайда болуы қамтамасыз етiледi. В-лимфоциттердiң күштi 
өсу факторы ретiнде ИЛ-4 цитофилдiк IgE, IgG(2,4) мен IgA-ның синтезiн 
қоздырады. Аталған эффектiлер және ИЛ-4-тiң мес жасушаларын көбейту 
қабілетi аллергиялық реакциялардың дамуына тiкелей қатысы бар. 
Тышқандарда ИЛ-4-тiң тегiн зақымдайтын мутация кезiнде IgE мен IgG(1) 
синтезi мүлдем тоқтайды.
ИЛ-4 МНС II өнiмдерiн көбейтедi және косымша жасушаларының 
антиген таныстырушы қабiлетiн жоғарлатады. ИЛ-4 тек қана осы жағдайда 
IFN-γ-ның функционалдық аналогы болып келедi, басқа сәттерде оларды 
антогонист ретiнде бiлемiз.
Макрофагтардың қызметiн басып, олардың ИЛ-1, IНФ және ИЛ-6 
өнiмiн төмендетiп, ИЛ-4 қабынуға қарсы әсер келтiредi. Сонымен қатар, 
ол 
макрофагтардың 
цитотоксикалық 
белсендiлiгiн 
жоғарлатады, 
нейтрофилдердiң қабыну ошағына қарай жылжуына көмектеседi, колония 
стимулдайтын факторлардың өнiмiн күшейтедi. Қан түзу жасушаларының 


133 
тiрi қалуын негiздеп, ИЛ-4 гемопоэздi күшейтедi. ИЛ-4-тiң маңызды 
қасиетi - in vivo iсiкке қарсы күштi белсендiлiгi. Жергiлiктi егу кезiнде ИЛ-
4 тез арада iсiк жасушаларына цитотоксикалық әсер келтiретiн 
эозинофилдермен инфильтрациялануын шақырады.
ИЛ-5-тi қоздырып, ИЛ-4 in vivo эозинофилдердiң көп мөлшерде 
өндiрiлуiн шақырады. ИЛ-5-тiң өнiмi ИЛ-4 бақылайтын Тх-дiң Тх2-ге 
айналуына тығыз байланысты. ИЛ-5-тiң физиологиялық әсерлерi (м.ү. 
паразиттерден қорғау) ИЛ-4-тiң деңгейiне тiкелей байланысты деген 
бiрқатар эксперименталдық және клиникалық дәлелдер бар. ИЛ-4-терi аз 
тышқандар паразитарлық iндеттерге бейiм болады және Heligmosomoides-
тердiң ересек құрттарын екiншiлiк жұғу кезiнде жоя алмайтыны 
экспериментте анық дәлелденген. 
Сонымен, ИЛ-4 Тх2-дiң негiзгi өнiмi болып келедi, олардың көбеюiн 
қоздырады, Тх1-нiң цитокиндерiне антогонист болып келедi, қан түзу 
жасушаларының 
дамуына, 
макрофагтарға, 
NK-жасушаларға, 
базофилдерге әсер келтiредi. ИЛ-4 аллергиялық реакциялардың дамуына 
көмектеседi, қабынуға қарсы және iсiкке қарсы әсерi бар. 
ИЛ-4-тiң клиникалық қолдануының мүмкiншiлiктерi: 
 Сепсис, ревматоидтық артрит және т.б. аурулар кезiнде қабынуға 
қарсы агент ретiнде; 
 1-шi түрлi диабет, трансплантаттың иесiне қарсы жедел 
реакциясы сияқты аутоиммундық аурулар кезiнде Тх1-дiң пайда 
болуын азайтып, қызметiн басатын иммуномодулятор ретiнде; 
 Iсiкке қарсы жергiлiктi емдеу кезiнде пайдалану мүмкiн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет