ИНТЕРЛЕЙКИН-11 (адам хромосомаларының 19-жұбы). Бұл
молекулалық
салмағы
26000
Д
гликозидтелмеген
белок.
Ол
фибробласттармен, трофобласттармен бір қатар стимулдардың (ИЛ-1,
форболдық эфирлер, GNF-β) әсерінен өндіріледі, бірақ шеткері қан
жасушалары ИЛ-11-дi синтездемейді.
Осы тұқымдастыққа жататын цитокиндер сияқты (м.ү., ИЛ-6) ИЛ-11 плейотроптық цитокин болып табылады. Гемопоэтикалық жүйеге белсінділік көрсете алатындықтан ИЛ-11 қан түзудің алғашқы бастауыштарының (алғашқы
бағаналы
жасушалары,
эритроидтік
бастауыш жасушалары және мегакариоциттердің бастауыш жасушалары) көбеюін негіздейді, сүйек кемігінің бағаналы жасушаларын ИЛ-3-тін әсерін
қабылдауға дайындайды, миело- және эритропоэзді, мегакариоциттердің
дамуын сүйемелдейді, сонымен қатар анемияны шақыра алады.
ИЛ-11-дің бауырға қатысты (жедел фазасының белоктарының
синтезінің
индукторы),
стромалық
жасушалар
жүйесіне
қатысты
(адипоциттердің пісіп-жетілуін тежеу) және ішектің эпителиалдық
жүйесіне қатысты (қорғау/регенерация) белсенділігі байқалады. ИЛ-6
сияқты, ИЛ-11 Т-және В-лимфоциттеріне тікелей әсер көрсетпейдi. ИЛ-11
нейтрофилдердің жетілуін сүйемелдеп, иммундық жауап пен қабынудың
дамуын қоздырады, липопротеиндік липазаның белсенділігін төмендетеді.
Бірқатар эффектілер бойынша ИЛ-11 ИЛ-6-ның қызметтерін қайталайды. Мысал үшін, ИЛ-6 сияқты, ИЛ-11 антидене өндіруші
жасушаларының
саны
көбеюін
шақырады
және
тышқан
плазмацитомасының ИЛ-6-тәуелді жасушалық тізбегін қоздырады, адам
мегакриобласттарының тізбектеріне аутокриндік өсу факторы ретінде әсер
етеді, бауырда жедел фаза белоктарының өндірілуінің стимуляторы болып
табылады. ИЛ-11 мен ИЛ-6дың рецепторлық компоненттері ортақ
болғандықтан (gp 130) қызметтері де ұқсас.