Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Қалыпты иммунды супрессиялаушы емдеу



Pdf көрінісі
бет184/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

 
Қалыпты иммунды супрессиялаушы емдеу 
Трансплантат 
бiтiсуi 
табысты 
болу 
үшiн, 
аллогендi 
трансплантациялау иммунды супрессияны талап етедi. Иммунсупрессиялы 
әсерi көп кезде арнайылығы жоқ болғандықтан пайдалы емес болады, 
өйткенi 
олар 
реципиентте 
жалпы 
иммунды 
супрессия 
арқылы 
инфекцияларды көбейтедi. Одан басқа, көпшiлiктi иммунсупрессиялы 
шаралар активтелген лимфоциттердiң бөлiнуiн басады. Әртүрлi тез 
бөлiнетiн иммунды емес жасушаларға да (iшектiң эпителиалды 
жасушаларында немесе сүйек кемегiнiң бағаналы жасушаларында) әсерiн 
көрсететiндiктен, иммунсупрессиялы шаралар өмiрге салмақты және 
қауiптi кедергiлерге алып келуi мүмкiн. 
Митоздың ингибиторлары. Азатиоприн (имуран) – күштi митоздың 
ингибиторы, 
жиi 
тура 
трансплантациялаудың 
алдында 
және 
трансплантациядан 
кейiн 
қолданылады, 
ол 
салынған 
тiннiң 
аллоантигендерiне 
қарсы 
Т-лимфоциттердiң 
бөлiнуiн 
азайтады. 
Азатиоприн жасушаларға жасушалық циклдың S фазасында, инозиндық 
қышқылының синтезiн тежейді. Инозиндық қышқылы – адениндiк және 
гуаниндiк қышқылдар пуриндарының бастаушысы болып келедi. 
Азатиоприн әсерi арқылы Т-лимфоцитердiң де, В-лимфоциттердiң де 


202 
бөлiнуi азайады. Азатиоприн қолданған кезде аралас лимфоциттер 
культура реакциясы (АЛК), Т-клеткалық цитотоксикалық серпіліс және 
терiiшiлiк 
сынамалар 
сияқты 
функционалды 
иммундық 
жауап 
айтарлықтай азайады, ол Т-лимфоциттердiң жалпы саны азайғанын 
куәлайды.  
Кейбiр кезде басқа екi ингибиторларды да қолданады – олар 
циклофосфамид 
және 
метотрексат 
деп 
аталатын 
препараттар. 
Циклофосфамид – ол ДНК тiзбегiне қондырылып және айқаса-әрекеттесiп, 
ДНК тiзбегiн үзетiн алкилдеушi препарат. Бұл қасиетi әсiресе тез бөлiнетiн 
жасушаларға қарсы өте эффективты, сондықтан қолданған кезде 
циклофосфамид 
сол 
процесс 
арқылы, 
трансплантаттағы 
Т-
лимфоциттерiнiң бөлiнуiн блоктайды. Метотрексат болса, фолий 
қышқылының антагонисты сияқты пуриндардың биосинтезiн тежеу 
арқылы әсерiн атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет