210
1979 жылы сәуiрде Қазақстанда тұнғыш рет өлiктен алынған
донорлық бүйрек салынған, нәтижесi жақсы аяқтады. Содан кейiн өлiктен
бүйрек салу трансплантациясы 2003 жылға дейiн орындалды, содан кейiн
тiрi туыстан донордың бүйрегiн салуда жақсы жетiстiгiн бердi (анасынан
баласына) және 7 бүйрек аллотрансплантациясы жасалды.
Донорлық
бүйрек салынған науқаста максималды өмiр сүру уақыты 13 жылдан асты.
1996 жылы қазан айында ҚР хирургия ғылыми орталығында СНГ-да
Орта азиаттық аймақта алғаш рет бауыр трансплантациясы жасалды. 1994
жылы ұйқы безi сегментiн аутотрансплантациясы тәжрибеге (клиникалық)
енгiзiлдi, ол үшiн жаңа туған торай мен қоян көжегенiң безiнен алынған
арас жасуша ксенотрансплантациясы өткiзiлдi.
Бұрынғы союзды республика кезiнде 1965 жылдан берi Мәскеуде,
Санкт-Петербургте, Киевте, Бакуда және өзге де қалаларда бүйректi салу
жүйелi түрде жүргiзiлiп келедi. Жалпы алғанда 5000-нан
астам операция
жасалынып, максималды түрде 20 жылдан аса өмiр сүрген реципиенттер
бар.
Жер жүзiнде әзiрде 470 000 бүйрек салынған, 5000 аса жүрекке
операция жасалып, салынды (орта өмiр сүруi 15 жылға ұзарған), ал 70 000
астам бауыр ауыстырылған (өмiрi 10 жылдан аса созылған), 4000 адамға
тарта ұйқы безiнiң аллотрансплантациясы жасалынған (максималды
өмiрi
4 жылға дейiн ұзарған, 1000 өкпе салынған (өмiрi 10 жылға дейiн ұзарған)
және де аш шектi салу мен мөлдiр қабықты салу өте көп өткiзiлген.
Достарыңызбен бөлісу: