Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет207/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

тест 
(РАСТ). 
Бұл 
әдiс 
науқас 
сарысуындағы белгiлi аллергенге қарсы IgE-нiң мөлшерiн анықтауға 
мүмкiндiк бередi. Полимерлi түйiршiктерге аллергендi жабыстырып, 
науқастың қан сарысуын қосады, бiр сағаттық инкубациядан соң осы 
пробиркаға радийбелсендi изотоппен (көбiне 131-йод) белгiленген анти-
иммуноглобулин Е қосады. Түзiлген iрi кешендi центрифугалау арқылы 
тұндырады, тұнбаны байланыспаған изотоптан жуып, тазартып, сосын 


220 
оның радий белсендiлiгiн өлшейдi. Ол науқастың қан сарысуындағы 
берiлген аллергенге арнайы IgE-нiң мөлшерiне сайма-сай келедi. 
Анафилаксиялық шоктың патогенезi 
Аллергендi парентералды енгiзген жағдайда, патогенезi бойынша 
гиповолемиялық шокқа ұқсас, анафилаксиялық шок дамуы мүмкiн. Бұл 
кезде қан қысымының күрт төмендеуi, тегiс салалы бұлшықеттердiң қатты 
жиырылуы байқалады, ал ол болса тыныс алу жолдары мен жүрек-қан 
тамырларының жеткiлiксiздiгiне әкеледi, көмей аймағындағы iсiнуi, 
науқастың тұншығып, жағдайының нашарлауына әкеледi. Жүйелi 
анафилаксиялық серпiлiстiң себебi көбiне, дәрiлiк заттардың қайта 
енгiзiлуi (антибиотиктер, вакциналар, сарысулар, қан алмастырғыштар, 
анестетиктер және т.б.) және жәндiктердiң шағуы болып болады.
Кең тараған дәрiлiк аллергеннің мысалы пенициллин болып 
саналады, ол гаптен ретiнде ағзаның өз нәруыздарының амин тобымен 
байланысып, кешендiк антиген түзедi. Пенициллинмен байланысқан 
ағзаның өз нәруыздары кейбiр адамдарда гиперергиялық гуморалдық 
иммундық жауап туғызады. 
Анафилаксиялық шок тудыратын басқа дәрiлiк заттарға анестетик – 
новокаин және витаминдер жатады. 
Анафилаксиялық шоктың патогенезi атопияның патогенезiне
қарағанда күрделiлеу, ол екi иммунологиялық механизiмдi iске қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет