III – түрі. Иммундық кешен аурулары Жоғары сезiмталдық механизмдерiнiң III түрi - иммундық кешен аурулары (ИКА). Ол
айналымдағы иммундық кешендердiң көп
түзiлуiмен
түсiндiрiледi, оның құрамына IgG (1,3) және/немесе IgМ кiредi, әрі қарай олар капиллярлар эндотелийiне, паренхиматозды мүшелердiң мембраналарына, синовиалдық қабықтарда жиналып – иммундық кешен преципитаттарын құрайды (32-ші сурет).
Әрi қарай, комплемент жүйесiнiң классикалық жолымен белсенуi болады. Осыдан деструкциялық - қабыну үрдісі дамиды. Қабыну – экссудациялық түрде өтедi. Комплементтiң белсенуінен түзiлген С5а компонентi базофилдер, эозинофилдер және нейтрофилдер хемотаксистiк әсер етiп, қабыну ошағына шығуын қамтамасыз етедi. Иммундық кешендер Fc-рецепторлар арқылы макрофагтарды белсендiрiледi, олар болса қабынуды дамытуда басты қызмет атқаратын
цитокиндердi, негiзiнен IFN- және ИЛ-1 бөледi.
Иммундық кешендер базофилдермен Fc-рецепторлар арқылы
байланысып, одан экссудациялық қабынуды күшейтетiн вазобелсендi аминдердiң (гистамин, серотонин) бөлуiн тудырады.
Полиморфты-ядролық
лейкоциттер
экзоцитоз
жолы
арқылы
иммундық кешендер жиналған жерде өзiнiң лизосомалық ферменттерiн шығарады, осыдан тiндердiң зақымдалуы жүредi.