Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


III – түрі. Иммундық кешен аурулары



Pdf көрінісі
бет210/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   296
III – түрі. Иммундық кешен аурулары 
Жоғары сезiмталдық механизмдерiнiң III түрi - иммундық кешен 
аурулары (ИКА).
Ол 
айналымдағы 
иммундық 
кешендердiң 
көп 
түзiлуiмен 
түсiндiрiледi, оның құрамына IgG (1,3) және/немесе IgМ кiредi, әрі қарай 
олар 
капиллярлар 
эндотелийiне, 
паренхиматозды 
мүшелердiң
мембраналарына, синовиалдық қабықтарда жиналып – иммундық 
кешен преципитаттарын құрайды (32-ші сурет).
Әрi қарай, комплемент жүйесiнiң классикалық жолымен белсенуi 
болады. Осыдан деструкциялық - қабыну үрдісі дамиды. Қабыну – 
экссудациялық түрде өтедi. 
Комплементтiң белсенуінен түзiлген С5а компонентi базофилдер, 
эозинофилдер және нейтрофилдер хемотаксистiк әсер етiп, қабыну 
ошағына шығуын қамтамасыз етедi.
Иммундық кешендер Fc-рецепторлар арқылы макрофагтарды 
белсендiрiледi, олар болса қабынуды дамытуда басты қызмет атқаратын 
цитокиндердi, негiзiнен IFN-

және ИЛ-1 бөледi. 
Иммундық кешендер базофилдермен Fc-рецепторлар арқылы 
байланысып, одан экссудациялық қабынуды күшейтетiн вазобелсендi 
аминдердiң (гистамин, серотонин) бөлуiн тудырады. 
Полиморфты-ядролық 
лейкоциттер 
экзоцитоз 
жолы 
арқылы 
иммундық кешендер жиналған жерде өзiнiң лизосомалық ферменттерiн 
шығарады, осыдан тiндердiң зақымдалуы жүредi. 
 


223 
 
32-ші сурет. Тіндердің иммунологиялық зақымдануының иммундық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет