Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2



Pdf көрінісі
бет251/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

Құрамында 
фосфоры 
бар 
қосылыстар. 
Т – және В – лимфоциттер, макрофагтар санының 
азаюы. Иммунды жауаптың реттелуінің бұзылуы. Т – 
лимфоциттердің функционалды активтілігінің басылуы. 
Жұқпаға 
қарсы 
бейспецификалық 
қорғаныстың 
төмендеуі.
Нитраттар мен 
нитриттер.
Гуморалды 
және 
жасушалық 
иммунитет 
көрсеткіштерінің төмендеуі. Спецификалық антидене 
титрлерінің 
төмендеуі, 
нәруызды 
және 
майлы 
дистрофия, 
бауыр 
амилоидозы, 
көкбауырішілік 
микронекроздар. 


Күкірттік 
ангидрид, 
бензолдың, 
күкірт 
қышқылының 
буланулары, 
көміртегінің 
қышқылдануы. 
Фагоцитарлы активтіліктің тежелуі. Гуморалды және 
жасушалық иммунитет көрсеткіштерінің төмендеуі. 
Респираторлы жұқпалармен аурудың жоғарылауы. 
Ауыр металдар 
(қорғасын, 
мырыш, 
кадмий, 
берилий). 
Бейспецификалық 
резистенттілік 
механизмдерінің 
тежелуі. Аллергиялық реакцияларға алып келетін себеп 
болатын иммунды жүйенің реттелуінің бұзылуы. 
Нейротоксинділік, 
гепатотоксинділік. 
Гемопоэз 
бұзылыстары. 
Ксенобиотиктер, иммунды жүйенің жасушалары мен мүшелеріне 
генотоксикалық, 
мутагендік, 
мембранотоксикалық 
және 
ферментотоксикалық әсерін тигізеді. 
Көбінесе гендер мутациялары лимфоциттерде және тимоциттерде 
кездеседі, олар тұқым қуаламайды, бірақ иммунды жүйенің көптеген ауыр 
ауытқуларына әкелуі мүмкін. Осындай әсерлер иммунды жасушаларының 
әртүрлі даму сатыларында пайда болуы мүмкін. Нәтижесінде қайтымсыз 
“минорлы” ақаулар қалыптасып жұқпалы ауруларға және басқа да 
иммунотапшылықты көріністерге әкеледі.
Бұл аурулардың жиілігі қоршаған ортаның (ауа, су қоймалары) ластану 
дәрежесіне, азық-түлік тағамдарына, жұмыс және тұрмыс орындарының 
ауасына, ауыз су сапасына және т.б. тура байланыста. 
Иммунологиялық резистенттілікке әсер ететін, қоршаған ортаның келесі 
маңызды физикалық факторлары бар: 
Электромагниттік толқындар және АЖЖ (СВЧ) өрістері. Созылмалы 
әсер етуде олар нейтрофилдердің фагацитарлық активтілігінің фазалық 
тербелістеріне және антиденелер синтезенің бұзылыстарына әкеледі. 
Шудың интенсивтілігі 60 – 90 дб аралығында 2 ай және одан да көп 
уақыт ішінде әсер еткенде қан сарысуының бактерицидтік және 
комплементарлы активтілігінің басылуы спецификалық және қалыпты 
антиденелердің титрлерінің төмендеуі байқалады. 
Иондаушы радиация сүйек кемігі жасушаларының пролиферациясын 
тежейді, 
терінің, 
тері 
астылық 
майлы 
қабаттың, 
өкпелік, 
гематоэнцефалдық және гематоофтальмикалық тосқауылдардың және де 
асқазан шек тамырларының ішіне өту қабілетін жоғарлатып, асқазан 
әртүрлі бөгде антигендердің өтуін жеңілдетіп, иммунопатологиялық 
реакцияларды (сонын ішінде - аллергия) туғызады. 
Сәулеленудің лимфоцитттерге тұра зақымдағыш әсері бар. Сонымен 
қатар, лимфоциттердің әртүрлі популяциялары мен субпопуляциялары және 
пісіп жетілулерінің әртүрлі кезендеріне әртүрлі радиосезімталдық тән.
Сәлеленудің зиянды әсері лимфоциттерге ғана емес, иммунды жүйенің 
көмекші жасушаларына да бұзылыстар береді. Көбінесе тимустың стромасы 


және эпителиалды жасушалары зақымдалады, ал осы жағдай тимозиннің 
және басқа да тимустық факторлар продукциясының төмендеуіне әкеледі. 
Нәтижесінде, бірнеше жылдаң соң айырша без қыртысында жасушалар саны 
азаяды. Т – лимфоциттер түзілуі бұзылады, лимфоидты жүйеде шеткері 
мүшелердің функциялары әлсірейді, циркуляциялаушы лимфоциттер саны 
азаяды. Сонымен қатар, иммундық жүйенің "сәулелік қарттауына" әкелетін, 
тимус тініне қарсы антиденелердің түзілуі жүреді. IgE синтізінің жоғарлауы 
байқалады және сәулеленген ағза ішінде аллергиялық және аутоиммундық 
үрдістердің пайда болу қаупі жоғарылайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет