36
көздi иммундық жүйенiң зақымдану әсерiнен сақтайды. Гистогематикалық
тосқауылға әртүрлi зақымдаушы әсер еткенде антигендер «жалаңаштанады» және
иммундық серпiлiстер шақырады.
Гистогематикалық тосқауылдың бүтiндiгi бұзылғанда (мысалы,
жұқпалы аурулар, жарақаттану нәтижесiнде) бiрiншiлiк аутоантигенге
қарсы аутоиммундық үрдiстердi
шақыратын, иммундық жауап пайда
болады.
Аутоантигендер ретiнде гистогематикалық тосқауылдың артында
орналаспаған
және
де
өзгерiлмеген
ағзаның
өзiндiк
химиялық
құрылымдары бола алады. Осы антигенге табиғи иммунологиялық
төзiмдiлiк
бұзылғанда, мысалы, лимфоциттердiң «тыйым салынған
клоны», сонымен қатар, супрессорлық механизмi бұзылғанда пайда
болады. Нәтижесiнде арнайы иммунологиялық
серпiлiстер басталып,
ағзаның өзiндiк мүшелерi мен тiндерi зақымданады, себебi олардың
құрамында осы аутоантиген болады.
Достарыңызбен бөлісу: