37
Осылайша, гемолизистiк стрептококктар
құрамында адам ағзасының
кейбiр тiндерiнiң – миокард, синовиалдық қабықтың антигендерiмен ортақ
айқаса әрекеттесетiн антигендер (М-протеин) болады. Стрептококктiк
жұқпалар кезiнде миокардтың тiндiк элементтерiмен, синовиалдық
сүйықтық және шемiршек гликопротеиндерiмен айқаса әрекеттесетiн
микробтық полиқанттарға антиденелер түзiледi.
Өз кезегiнде ол
ревматизмнiң дамуына алып келедi. Бiрқатар стрептококк штаммдарының
мембраналарында бүйрек шумақтарының базалды мембраналарына жақын
немесе ұқсас айқаса әрекеттесетiн антигендер болады. Стрептококктың
ондай штаммдары аутоиммундық гломерулонефрит шақыруы мүмкiн.
Мерез қоздырғышында адам мен жануарлардың жүрегiнде кездесетiн
фосфолипидтер құрылысына ұқсас фосфолипидтер бар.
Сондықтан
да
жануарлардың
жүрегiндегi
кардиолипидтiк
антигендердi ауру адамдарда спирохетаға қарсы антидененi табу үшiн
қолданылады (Вассерман серпілісі).
Достарыңызбен бөлісу: