34
Антиген құрылымы мен химиялық құрылысын зерттеуге үлкен үлес
қосқан Нобель сыйлығының лауреаты (1930ж.) К. Ландштейнер гаптен
деген терминдi енгiзген.
Гаптендер - өлшемi үлкен емес химиялық
топшалар. Олар табиғи антиген молекулаларының құрамдас бөлiгi немесе
шығу тегi экзогендiк болуы мүмкiн, мысалы, дәрiлiк заттар және олардың
метаболиттерi,
азық-түлiк,
ауыл
шаруашылық,
тұрмыстық
және
өнеркәсiптiк өнiмдер болып табылады. Гаптен нәруыз-тасымалдаушымен
байланысқан кезде ғана иммунногендiк қасиетке ие болады.
Антиген молекуласының негiзгi бөлiгiн
тасымалдаушы деп атайды.
Ол антиген молекуласының 97% (гаптен емес) құрайды. Антиген
тасымалдаушысының құрамында өзiнiң антиген детерминанттары болады.
Олар тасымалдаушы детерминанттар деп аталады.
Бұл детерминанттар Т-лимфоциттерiн танып, оларға қарсы
жасушалық иммунитет серпiлiстерi бағытталады, сондықтан
оларды тағы Т-жасушалық эпитоп деп те атайды. Тасымалдаушы
детерминанттары гаптеннiң құрамына және өлшемiне қарағанда үлкен.
Нәруыздық антигендер де әдетте қысқа пептидтер, олардың құрамында
орта шамамен 6-дан 20-ға дейiн аминқышқылдық қалдықтары болады.
Сонымен,
кез-келген антигендi молекуланың бетiнде орналасқан
екi
функционалдық бiрлiкті: тасымалдаушы және
гаптен ретiнде қарауға
болады.
Достарыңызбен бөлісу: