IgM. IgM ауыр тізбегі 5 доменнен тұрады. IgM тұрақты С-
домендерінің құрылыс ерекшеліктері көмегімен пентамер құрады. IgM
макроглобулин деп атайды. Оның молекулалық салмағы 900000 дальтонға
(Д) жуық.
IgM қарапайым иммуноглобулиндерге жатады және ол ең төменгі
дәрежелі арнайылығымен сипатталады. Ол жатырішілік жетілуде және гуморалды жауапта ең бірінші синтезделеді. IgM қызметтерi:
В-жасушалардың бетінде IgM пайда болуы IgM-рецепторлардың
туылуын
көрсетеді
және
олар
В-жасушалардың
ары
қарай
дифференциялануының
белгісі
болып,
антигенмен
(тимустәуелді)
байланысуға мүмкіндік береді. В-лимфоцит бетінде рецепторлық IgM
мономерлі түрінде болады.
Сарысуда IgM пентамерлі түрінде кездеседі. Қалыпты жағдайда
адамның сарысуында 2,0 – 4,0 г/л болады. 10 белсенді орталықтың болуы
10 біркелкі антигендік детерминанталарын байланыстыра алады, бірақ
молекулалық кеңістіктік құрылысы себебінен, антигенмен пентамерлі
құрылысының 5 белсенді орталығы байланыса алады. Антигендік
детерминантасы мен белсенді орталықтың туыстығы өте төмен болса да
IgM эффективты агглютиноген болып табылады. IgM пентамер
болғандығынан,
комплемент жүйесінің классикалық жолмен ең эффективтi активаторы болып келеді (СН
2
арқылы).
Плацентада IgM-ге F
C
-рецепторлар жоқ және үлкен молекула
болғандығынан IgM плацента арқылы өтпейді. Пентамердің үлкен
көлемдігі экстраваскулярлы антигенге қызметін қиындатады, яғни IgM
молекуласы тіндерге өтпейді, тек қан айналымда тамыр ішінде жұреді.
IgG. IgG негiзгi сарысулық иммуноглобулинге жатады. Оның
молекулалық салмағы 150000 Д жуық.. IgG преципитация, агглютинация
серпілістеріне және лизиске қатысады (IgМ-нен қарағанда, комплемент
жүйесін бәсеңірек активтейді). Қалыпты жағдайда адамның сарысуында
8-20 г/л тең. IgG-дің ауыр тізбегі 4 доменнен тұрады, IgG-нiң белсенді
орталықтары антигенге жоғары авидтілікпен сипатталады. IgG
синтезделу
үшін
В-лимфоциттер
Т-жасушалар
және
макрофагтармен байланысу керек, яғни ол негізінде тимустәуелді антигендерге қарсы жауабында түзіледі. IgG IgМ түзілуіне қарағанда,
кеш басталады және иммунды жауаптың 2-шi фазасында артық болады.
IgG плазмалық жасушалар шығатын бастаушыларында антигенмен қайта
байланысу арқылы пайда болады. Адамда көптеген нәруыздық
антигендеріне екіншілік иммунды жауабы сарысуда шамалы анықталатын
барлық төрт IgG топшаларының түзілуімен жүреді.