Инфекциялы емес иммунологияны негіздеп, нәтижесінде жаңа
қазіргі заманғы иммунологияның дамуына үлес қосқандар Ж. Бордемен М. Чистовичболды. 1898 жылы Ж.Борде микробты емес жасушаларға
жауап ретінде антидене бөлінер мекен деген оймен мынадай тәжірибе
жасады: қоянға қойдың эритроциттерін енгізді, жауап ретінде жануар
ағзасында антиденелер пайда болды, олар қой эритроциттерін жапсырып,
ыдырауына келтірген. Осы уақытта М.Чистович те тәжірибе арқылы
жануарларға антиденелер синтезі микробты емес те, жасушалық емес те
бөгде нәруыздық заттарды тері ішіне не тамыр арқылы енгізгенде
байқалады деген тұжырым жасады. Әсіресе – қан сарысуының нәруызын
енгізгенде. Антиденелер бөгде сарысуға қосылған нәтижесінде сарысу
құрамындағы нәруыздардың іріленуі мен жабысу арқылы жойылатыны
анықталды. Бұл кезде де антиденелердің арнайылығы анықталған.
Кейінірек Г. Бухнер комплемент жүйесін ашып, ал Ж. Борде комплемент
жүйесінің
мағынасын
көрсеткен.
Ж.
Борде
иммунды
комплекс
құрамындағы антиденелер комплементті активтейтінін, ал ол өз кезегінде
антигендердің
мембранасының
ыдырап,
фагоцитоз
күшейететінін
көрсеткен. Ж.Борденің зерттеулерінің нәтижесінде иммунды жауапты
макрофагтар бастап, солар аяқтайтыны көрсетілген, себебі иммунды
комплекстің фагоцитозы антигеннің толық жойылуына алып келеді. Бұл
зерттеулер көрсетуі бойынша, И.И.Мечников пен П.Эрлих бір үрдістің екі
түрлі сатысын зерттеген, нәтижесінде иммунитеттіңгуморалды- жасушалық теориясы пайда болған.
Инфекциялы емес иммунология дамуының келесі кезеңі К.Ландштейнер
есімімен
байланысты.
1900
жылы
К.Ландштейнер
антигендердің
модификациясы мәселесімен шұғылданып, 0, А, В, АВ қан топтарын
зерттеп, адамның эритроциттерінің топтық изоантигендерін ашты. Бұдан
кейін иммуногенетиканы зерттеу бағдарламасы туды, яғни тіндердің
гистосәйкестігі мен трансплантациялық иммунитеттің көптеген мәселелері
шешілді. Бұдан бірнеше жыл өткеннен кейін К.Ландштейнер жаңалығы
клиникада қолдана бастады. Оның зерттеу тәжірибесін ескере отырып,
дәрігерлер кез-келген қанды құймай, тек науқастың қанның эритроциттері
жабысып қалмайтындай қанды құйған.