жасушалар үшін В7 молекуласы атқарса, В-лимфоциттер үшін В40 молекуласы атқарады.
Макрофагтарда
В7
молекуласы
индуцибелді.
Мысалы,
оны
бактериалды қабырғаның полисахаридтері мен липополисахаридтері
шақыра алуы мүмкін. Бұл қосылыстар В7 мен В40 молекулаларының В-
лимфоциттер бетінде де экспрессиясын шақыруы мүмкін. Бүгінгі күні В7
экспрессиясын шақыратын басқа факторлар белгісіз.
Микробты
компоненттері
әсерінен
В7
костимуляторының
индукциясы иммундық жүйеге бактериалды антигенді организмнің
меншікті антигендерінен ажыратуға мүмкіндік береді. Кейбір нәруыздарға
иммундық жауапты тек өлтірілген микроорганизмдер немесе бактериалды
қабырғаның компоненттері қосылған адъюванттарды қолданған кезде ғана
алуға болатындығы эксперименталды зерттеулерде көрсетілген. Мұны
келесідей түсіндіруге болады: егер бактериалды компоненті жоқ нәруызды
антиген макрофагтармен ұсталып және таныстырылса, онда Т-лимфоцит
антигенді арнайы түрде таниды, бірақ ол инертті жағдайда (анергия) қалып
қояды немесе костимулдаушы белгі болмағандықтан апоптозға ұшырайды.
Иммунизациялаушы қоспаға бактериалды қабырғаның компоненттерін
(макрофагтарда В7 экспрессиясын шақыратын) қосса, Т-хелперлердің
толығымен
жұмысқа
қосылуы
қамтамасыз
етіледі.
Нәтижесінде
адъюванттардың көмегінсіз антиденелердің өндірілуін шақыра алмаған
нәруыздарға қарсы антиденелердің өндірілуі басталады.
Макрофагтар
Т-лимфоциттермен
әрекеттесе
алатын
кәсіби
антигентаныстырушы жасушаға жатады. Антигендерді таныстыру бірнеше
кезеңнен тұрады.
Жасуша ішіне түскен антиген өңделуге ұшырайды, бұл үрдіс кезінде
нәруызды
молекулалар
шектелген
протеолиз
арқылы
пептидті
фрагменттерге ыдырайды, олардың бір бөлігі антигенді эпитоп болып
табылады. Түзілген пептидті фрагменттер АТЖ вакуолдері ішінде ІІ класс
HLA (адам лейкоциттерінің антигендері) антигендерімен иммуногенді
кешен түзеді. Түзілген кешен АТЖ мембранасына тасымалданады, бұл
жерде оның Т-хелперлерге таныстырылуы өтеді. Т-лимфоцит белсендірілу
үшін АТЖ бетінде 200-ден 1000-ға дейін иммуногенді кешен болуы керек.
Экзогенді антигенді таныстыру үрдісі кезінде дамитын оқиғалардың
реті осындай.