Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


Т-киллер/супрессор үшiн – CD8



Pdf көрінісі
бет92/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

Т-киллер/супрессор үшiн – CD8Аталған екi нәруыз корецептор қызметiн 
атқарады және антигендi тану үрдісіне қатысады. 
Кортикалды лимфоциттердiң ең алғашқы даму сатыларында CD2 
нәруызы пайда болады және ол Т-лимфоциттер үшін жалпы маркер болып 
есептеледі, сонымен қатар, ол қой эритроциттерiне рецептор қызметiн 
атқарады. Аталған рецепторды анықтау үшiн қой эритроциттерiмен 
қойылатын спонтанды розетка түзу әдiсi қолданады (Е-РОК). Бұл әдiстiң 
көмегiмен Т-лимфоциттердiң жалпы санын анықтауға болады.
Басқа жалпы Т-лимфоцитарлы маркер болып CD3 нәруызы 
табылады, ол Т-лимфоциттердiң антигентанушы рецептор мен антиген 
детерминантасының әсерлесуi кезiнде Т-лимфоциттердiң цитоплазмасына 
белгi беруде маңызды қызмет атқарады. 
Т-лимфоциттердiң дифференцировка үрдісі кезiнде жаңа CD-
антигендердiң пайда болуымен қатар кейбiр ескi антигендер жойылуы 
мүмкiн. Сондықтан, CD-антигендер кезеңерекшелiк антигендердiң мысалы 
бола алады. Яғни, CD-маркерлер бойынша Т-лимфоциттердiң жалпы саны 
мен олардың субпопуляцияларының санын және жасушалардың жетiлу 
дәрежесiн анықтауға болады. 
Антигентанушы рецептор (ТЖР - Т-жасушалық рецептор) Т-
лимфоциттер үшін басқа негiзгi маркер болып табылады, ол да тимустың 
қыртысты қабатында, тимоциттер дифференцировкасының алғашқы 
кезеңдерінде пайда болады. 
Бiрқатар стимулдар әсерiнен жасуша iшiндегi дифференциаланған 
өзгерiстердің болуы, дифференцировка үрдісі кезiнде Т-лимфоциттердiң 
беткей маркерлерiнiң фенотиптiк өзгеруiн көрсетедi, яғни белгiлi бір 
гендердiң қайта құрылуы мен ынталануын, жасушадағы синтетикалық 
үрдістердiң және жасушаның белгiлi бір функционалды қасиеттерге ие 
болуын көрсетедi.
Т-лимфоциттердiң 
дифференцировкасын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет