Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова. Алматы, 2008. 2


түрде В7 костимуляторын экспрессиялайды



Pdf көрінісі
бет86/296
Дата01.11.2022
өлшемі9,99 Mb.
#46641
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   296
Байланысты:
immunologia Shortanbaev (2)

түрде В7 костимуляторын экспрессиялайды. Сондай-ақ І және ІІ класс 
МНС молекулалары мен адгезиндерді де үнемі экспрессиялайды. 
Сондықтан ДЖ осы молекулалардың (олар Т-лимфоциттердің белсенуінде 
маңызды рөл атқарады) экспрессиясын шақыратын факторларды керек 
етпейді. Бұл дендритті жасушалардың иммуногенді потенциалының 
жоғары екендігін көрсетеді.
Дендритті жасушаларда микробты жасушалар мен ірі вирустарды 
жұту қабілеті болмағанымен, олар нәруыздар мен вирусты бөлшектерді 
пиноцитоз арқылы жеңіл жұтады. 
І және ІІ класс МНС молекулаларының үнемі экспрессиясы 
иммуногенді кешендердің тез түзілуне әкеледі. Сондықтан дендритті 
жасушалармен таныстырылатын антигендер CD4-лимфоциттердің 
де (Тх1 мен Тх2), CD8-лимфоциттердің де (Т-киллер) пролиферациясы 
мен дифференцировакасын шақыра алады.
Пиноцитоз жолымен жұтылған нәруыздар мен вирус бөлшектері 
дендритті жасушаның цитолизінеде жинақталады да, протеосомаларда 
қысқа пептидті фрагменттерге дейін (8-10 аминқышқылына дейін) 
ыдырайды. 
Протеосома 
– 
28 
суббірліктен 
тұратын 
үлкен 
протеазды 
каталитикалық кешен. Гидролиз нәтижесінде протеосомада түзілген 


89 
пептидті фрагменттер ТАР-І және ТАР-ІІ тасымалдаушы нәруыздарының 
көмегімен эндоплазматикалық ретикулум қуысына қарай жылжиды. 
Мұнда олар І класс МНС молекуласымен қосылу нәтижесінде 
иммуногендік кешен түзеді. 
Гольджи аппараты арқылы бұл Т-киллерлер үшін тануға қолайлы 
түрдегі иммуногендік кешен жасуша бетіне тасымалданады. Дендритті 
жасуша 
бетінде 
экспрессияланған 
В7 
молекуласынан 
екінші 
костимулдаушы белгіні алған Т-киллерлер белсенеді және бірқатар 
цитокиндерді бөле бастайды, соның ішінде ИЛ-2 мен IFN-γ. Аталған 
цитокиндер Т-киллерлердің сәйкес рецепторлары арқылы аутокринді әсер 
етіп 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   296




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет