101
Макрофагтарда В7 молекуласының экспрессиясы индуцибелдi. Мысалы,
оның экспрессиясын полисахаридтер мен липополисахаридтердiң бактериалды
қабырғасы шақыра алады. Бұл қосылыстар В7 мен В40 молекуласының В-
лимфоциттерде
экспрессиясын
шақыруы
мүмкiн.
В7
молекуласының
экспрессиясын шақыратын басқа факторлар әлi белгiсiз. Сонымен қатар, Т-
хелперлердiң костимуляциясына гуморалды факторлар да қатысады. Олар: ИЛ-1,
ИЛ-12, ИЛ-4 және басқа цитокиндер.
В7 костимуляторының микробты компоненттерi әсерiнен шақырылуы
иммундық
жүйенiң
организмнiң
меншiктi
антигендерiн
бактериалды
антигендерден ажыратуға мүмкiндiк бередi деген болжам бар. Кейбiр
нәруыздарға
иммундық
жауапты
олардың
құрамына
өлтiрiлген
микроорганизмдер
мен
бактериалды
қабырғалардың
компонентерi
бар
адъюванттарды қосқанда ғана шақыруға болатыны эксперименталды түрде
дәлелденген. Бұл жағдай келесiдей түсiндiрiледi: егер құрамында бактериалды
компоненттерi жоқ нәруызды антигендер макрофагтармен жұтылып және
таныстырылса, антигендi таныған Т-лимфоцит костимулдаушы белгiнiң болмауы
салдарынан инерттi (анергия) жағдайға немесе апоптозға ұшырайды. Ал
иммунизациялаушы
қоспаға
бактериалды
қабырғаның
компоненттерiн
(макрофагтарда В7 молеукласының өндiрiлуiн шақыратын) қосу Т-хелперлердiң
жұмысының толық iске қосылуын қамтамасыз етедi, нәтижесiнде нәруыздарға
қарсы антиденелердiң өндiрiлуi басталады. Бұл үрдiс адъюванттардың көмегiнсiз
мүмкiн емес.
ДЖ В7 костимуляторы мен I және II класс МНС молекулалары айқын,
әрi тұрақты (индуцибелдi емес) экспрессиялану салдарынан, ДЖ бетiнде
иммуногендi кешендер жылдам қалыптасады. Сонымен қатар дендриттi
жасушалармен таныстырылған антигендер CD4-жасушалардың да (Тх1
және Тх2), CD8-жасушаларының да (Т-киллерлер) пролиферациясы мен
дифференцировкасын шақыра алады.
Т-киллерлер I класс МНС нәруыздарымен комплекс түрiндегi сәйкес
эпитопты анықтайды және дендриттi жасушада экспрессияланған В7
молекуласынан костимулдаушы белгiнi алады. Нәтижесiнде белсенедi де
бiрқатар цитокиндердi, соның iшiнде ИЛ-2 мен IFN- өндiре бастайды.
Аталған цитокиндер Т-киллердiң меншiктi рецепторлары көмегiмен
аутокриндi әсер ету арқылы пролиферация мен дифференцировканы
ынталандырады,
нәтижесiнде
жетiлген
эффекторлы
Т-киллерлер
(иммундық киллерлер) түзiледi.
Нәруызды антигендердiң пептидтi фрагменттерi немесе вирустардың
пептидтерi дендриттi жасушаларда
II класс МНС нәруыздарымен
ассоциациялануы мүмкiн. Мұндай жағдайда ДЖ бетiндегi иммуногендi
комплексті CD4 Т-хелперлер анықтайды, нәтижесiнде жасушалық және
гуморалдық иммундық жауап қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: