98
өндірілуін реттейді, сонымен қатар фагоцитарлық иммундық жауаптың
қалыптасуына да ықпал етеді.
Жетiлмеген Т-лимфоциттердiң антигентанушы рецепторының (ТЖР)
АТЖ бетiндегi иммуногендiк комплекспен байланысуы (ТЖР, CD3, CD4
немесе CD8 молекулаларының қатысуымен) тек бiрiншi -
арнайы белгiмен
ғана
қамтамасыз етедi. Бiрақ жетiлген эффекторлы Т-лимфоциттерге дейін
пролиферация мен дифференцировкаға ұшырау үшін
екiншi белгi керек.
Бұл белгiні ИЛ-2 және басқа цитокиндер қамтамасыз етеді, сондай-ақ
АТЖ бетiндегi В7 корецепторының жетiлмеген Т-лимфоциттердiң
бетiндегi (CD4+ немесе CD8+) сәйкес рецептормен (CD28 немесе CTLA-4)
әрекеттесуi де қамтамасыз етедi. Екі белгіні де алу клонның
пролиферациясы мен дифференцировкасын қамтамасыз етеді. Егер
жасуша тек бiрiншi белгiнi алып, ал екiншi белгiнi ала алмаса, онда ол
апоптозға ұшырайды және жойылады.
Екi белгiнi де алған CD4+ және CD8+ Т-лимфоциттер ИЛ-2
рецепторларды экспрессиялайды және өздерi ИЛ-2 өндіре бастайды. ИЛ-2
жасуша бетiндегi ИЛ-2-рецепторларына әсер ету (аутокриндi) арқылы
жетiлмеген Т-лимфоциттердiң көбеюiн және жетiлген эффекторлы
жасушаларға дифференцациялануын ынталандырады. Бұл үрдіс 4-5
тәулікке созылады.
Бұл жасушалар енді қосымша костимулдаушы белгілер болмаса да, өз
бетімен антигенді анықтауға және оған тікелей әсер етуге мүмкіншілігі
болады.
Эффекторлы Т-лимфоцитердiң бiраз бөлiгi иммундық жауапқа
қатыспайды. Олар
зерде жасушалар тобын түзедi. Бұл жасушаларда
рецепторлы аппарат өте жақсы дамыған және цитокиндер мен
адгезиндерге
рецепторларды
экспрессиялайды,
сондықтан
зерде
жасушалары антиген организмге екiншi рет түскен жағдайда жылдам
жауап беруге қабілетті.
Т-зерде жасушаларының көпшiлiгi хелперлi
субпопуляцияға жатады, яғни олардың фенотипi CD4+. Олар II класс
МНС нәруыздары бойынша рестрикцияланған. Зерде жасушаларының өмiр
сүру ұзақтығы бiрнеше айдан бiрнеше жылдарға дейiн созылады.
Т-зерде жасушалары организм жұқпалы агенттермен қайталама
кездескен жағдайда қабылдамаушылықты, яғни иммунитетті қамтамасыз
етедi.
Зерде жасушаларының өмiр сүру ұзақтығы белгiлi бір антигендерге
генетикалық детерминацияланған.
Достарыңызбен бөлісу: