94
iТ-лимфоциттер мен субкапсулярлы аймақтың стромасының әсерлесуі
Т-жасушалардың алғашқы арнайы маркері – CD2 нәруызының пайда
болуына әкеледi. Аталған маркерi бар (CD2+) тимоциттер мен
эпителиалды «тәрбиешi» жасушалар (nurse cells) тығыз байланыста болу
салдарынан белсендi түрде көбейе түседі және жаңа нәруыздарды
экспрессиялай бастайды. Олар: CD3, CD4, CD8 және ТЖР-дың -тiзбегi.
Олардың фенотипi келесiдей жазылады: CD2
+
CD3
+
CD4
CD8
ТЖР
. Енді
осы жасушалар тимустың қыртысты қабатына тереңiрек кiре бастайды.
Бұл үрдісте маңызды қызметтi тимопоэтин және ИЛ-3 пен ИЛ-7
цитокиндері атқарады.
Қыртысты қабатта ТЖР қадағалайтын гендердiң қайта құрылуы мен
ынталануы нәтижесiнде ТЖР-дiң екі тізбегі де ( және тiзбектері) пайда
болады. Бұған қоса CD4 пен CD8 нәруыздарының экспрессиясы
толығымен реттеле бастайды.
Қыртысты
қабаттағы
тимоциттер
цитоплазмалық
өсiндiлерi
тармақталған кортикалды эпителиалды жасушалармен тiкелей байланыста
болады. Аталған эпителиалды жасушаларда I және II класс МНС
молекулары жақсы экспрессияланған.
Осы жасушааралық әсерлесу тимустың қыртысты қабатында
өтетін
негізгі
сұрыпталу
үрдістерін
шақырады.
Кортикалды
тимоциттердiң бетiнде ТЖР-дың толық экспрессияланауы ерекшелiгi
бойынша әртүрлi CD4+CD8+ТЖР+ Т-лимфоциттер клондарының дамуына
әкеледi.
Достарыңызбен бөлісу: