25
3. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН ОҚЫТУ
МЕСТ
12.0.004 «Еңбек қауіпсіздігін оқытуды ұйымдастыру.
Жалпы ережелер»еңбек қауіпсіздігін оқытуды клесі жағдайларда
өткізуге нұсқама береді.
3.1 Оқу орындарындағы оқыту
Қызметтің кез келген түріндегі қауіпсіздік мәселелерін мектепке
дейінгі білім мекемелерінен бастап тәрбиеленушілер күнделікті
тұрмыстағы, көшедегі және сол мекемеде әр түрлі іс
шаралар өткізу
кезіндегі қауіпсіздік негіздерін меңгере бастайды. Жалпы білім беретін
мектептерде және кәсіптік-техникалық училищелерде білім алушыларға
еңбек қауіпсіздігі сұрақтары бойынша негізгі білім оқу процессі кезінде
оқулықтармен арнайы пәндерді меңгеру арқылы беріледі. Арнаулы орта
оқу орындарының білім алушыларына міндетті түрде «Еңбек қорғау»
курсы оқытылады немесе арнайы пәндерді
меңгеру кезінде еңбек
қауіпсіздігіне жеке бөлім арналады.
ЖОО студенттері қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтарын «Еңбек
қорғау» пәнін өткен кезде немесе емтихан тапсыратын оқу пәндері
аясында
меңгереді.
Сонымен
қатар,
техникалық,
құрылыс,
ауылшаруашылығы бағытындағы жоғарғы
оқу орны студенттерінің
дипломдық жобалары және курстық жұмыстары міндетті түрде еңбек
қауіпсіздігі сұрақтарын қамтуы тиіс.
3.2 Жұмысшыларды даярлау және қайта даярлау, оларды екінші
кәсіпке оқыту
Теориялық және өндірістік еңбек
қауіпсіздігін оқытуды кадр
дайындау бөлімі қажетті мамандарды тарту арқылы ұйымдастырады.
Одан әрі еңбек қауіпсіздігі бойынша сұрақтар арнайы технология
бойынша өтетін емтихан билеттеріне
және біліктілікті арттыру
емтихандарының жазбаша жұмыстарына енгізіледі. Еңбек қауіпсіздігі
бойынша жоғары талап қойылатын
кәсіптерге дайындалатын
жұмысшылар тиісті емтихан арқылы өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: