7.3 Зақымдану мен кәсіби ауруды талдау әдістері
Өндірістік зақымдану
жазатайым оқиғаның пайда болу
заңдылықтарын анықтау және оның алдын алу бойынша тиімді шаралар
жасау үшін талданады.
Ол үшін келесі талдау әдістері қолданылады:
статистикалық
монографиялық
топографиялық
экономикалық
Бұл әдістердің әр қайсысы өзінің нақты тапсырмасын ғана шеше
алады, бірақ өндірістік зақымға толық сипаттама бере алмайды.
Статистикалық әдіс
жазатайым оқиғаны тергеу және жеке
белгілері бойынша топтау кезінде толтырылатын Н
I нысанындағы
актіге жазылған мәліметтерді жалпылауға негіделген (жынысы, жасы,
мамандығы, жұмыс өтілі, оқиға болған уақыт, жұмыс басталғаннан бергі
уақыт, сондай
ақ зақымдаушы фактор бойынша, жазатайым оқиғаның
себебі т.б.) Бұл әдіспен көрсетілген себептер бойынша зақымдануды
негізгі белгілерімен бөліп анықтауға, өте қауіпті бөлімдер мен жұмыс
түрін айқындауға және зақымдануды алдын
алуға тиісті шаралар
дайындауға мүмкіндік береді.
Статистикалық әдіспен талдау кезінде зақымданудың келесі
салыстырмалы көрсеткіштері (коэффициенті) анықталады:
К
Ч
жазатайым оқиға жиілігінің көрсеткіші
К
Ч
= 1000 ∙ N / Р (7.3.1)
37
мұндағы:
N – еңбекке қабілеттілігін бір немесе одан да көп күнге жоғалтқан
зардап шегушілердің саны;
Р – белгіленген уақыттағы жұмысшылардың орташа саны;
Р = (Р
1
+ Р
2
+…+ Рn) / n (7.3.2)
мұндағы:
n – белгіленген уақыттағы айлар саны;
Өлімді жазатайым оқиғалардың жиілік көрсеткіші
К
ЧС
= 1000 ∙ N
С
/ Р (7.3.3)
мұндағы:
N – өлімді жазатайым оқиғалардан зардап шегушілердің саны
К
Д
жоғалған жұмыс күндер көрсеткіші
К
Д
= К
Ч
∙ К
Т
(7.3.4)
Жазатайым оқиғалар ауырлығының көрсеткіші
Кт = Д / N (7.3.5)
мұндағы:
Д – зардап шеккен адамдардың еңбекке жарамсыздық жұмыс
күндерінің жалпы саны.
Бұл көрсеткіштер жазатайым оқиғаны тексергенде толтырылатын
Н
нысанындағы актілердегі немесе кәсіпорының жылдық есебі
ТПЗ нысанындағы берілген мәліметтер бойынша есептеледі.
жазатайым оқиғалардың аз болуына байланысты, есеп әрбір 1000 адамға
жүргізеді, үшін коэффициенті 1000формулалар енгізілді.
Науқастықтың салыстырмалы көрсеткішін
жұмысшы адамға
келетін еңбекке жарамсыздық парағының мәліметтері негізінде
анықтайды,
Ол үшін келесі негізгі көрсеткіштер қолданылады:
Ауырғандар жиілігінің көрсеткіші
К
ЧЗ
= 100 ∙ Б / Р (7.3.6)
38
Науқастанған кезде жоғалған жұмыс күндерінің саны
К
ДЗ
= 100 ∙ Д
З
/ Р (7.3.7)
Бір науқастың ауру ұзақтығының орташа көрсеткіші
К
ТЗ
= Д
З
/ Б (7.3.8)
мұндағы:
Б – ауырған жағдайлар саны (наукастар);
Д
З
– науқастанған адамдардың еңбекке жарамсыздық күндерінің
жалпы саны.
Берілген көрсеткіштерден басқа науқастың тобы немесе жеке
түрлеріне қатысты көрсеткіштер, сондай
ақ бір күн жұмысқа шықпау
көрсеткіштерін, еңбекке жарамсыздықтың жалпы пайызын т.б.
анықтауға болады.
Монографиялық әдіс
Өндіріс учаскесіндегі еңбек жағдайларын
егжей-тегжейлі, жан-жақты зерттеу кешені болып табылады. Бұл әдіс
кезінде жұмыс барысында пайда болатын қауіптілік пен зияндылықты
анықтау үшін жұмыс орындарын, машиналарды, құралдады, өндіріс
бөлмелерін, технологиялық процестерді және өндірістік ортаны тағы
басқаларды мұхият тексеруге арналған. Бұл әдіс өндірістік зақымдану
себептерін терең түрде талдауға мүмкіндік береді, сондықтан оның
нәтижелерін техника қауіпсіздігінің құралдарын жасауға пайдаланады
нұсқау, ереже т.б. Монографиялық әдісті травматизмнің алдын алу үшін
және жазатайым оқиғалар себептерін тексеру кезінде қолданады. Бұл
әдіс деректерінің негізінде нақты өндірістік учаскелерде орын алатын
жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізіледі,
жаңа, барынша қауіпсіз технологиялар мен жұмыс тәсілдері және
неғұрлым жетілдірілген қорғау құралдары және т. б. қолдану
ұсынылады.
Топографиялық әдіс
ауыл шаруашылығы кәсіпорындары
жоспарында таңбалармен жұмыс орындарында жазатайым оқиға болған
жерлерді белгілейді. Осының нәтижесінде ерекше назар аударуды,
мұқият тексеруді және тиісті профилактикалық шараларды қабылдауды
қажет ететін зақымдану деңгейі жоғары жабдықтар, цехтар, учаскелер,
жұмыс орындары анықталады.
Экономикалық әдіс
өндірістік зақымнан болған материалдық
шығынды анықтауға негізделген. Бұл үшін анықталады:
Зақымдану мен кәсіби аурудан болған жалпы шығын деңгейін П
П = С
1
+ С
2
+ … + С
М
(7.3.9)
Мұндағы :
39
С
1
, С
2
,…, С
М
– жеке құрайтын шығындар:
С
1
– өндірістік зақым мен кәсіби ауруға байланысты уақытша
еңбекке жарамсыздық бойынша төлемнің көлемі;
С1 =
n
n
i
ЗП
Di
Di , (7.3.10)
мұндағы:
ЗП
Di
– әрбір зардап шегушінің орташа еңбек ақысы, теңге/күн;
Di – әрбір зардап шегушінің еңбекке жарамсыздық күнінің саны.
С
2
– жазатайым оқиға мен кәсіби ауру кезінде толық немесе
жартылай еңбекке жарамдылығын жоғалтқанда төленетін төлемнің
көлемі;
С
3
– жазатайым оқиға кезінде зардап шегушіге көмек көрсетуге
кеткен шығын;
С
4
– жазатайым оқиғаны тексеруге байланысты шығын;
С
5
– ауыр және зиянды еңбек жағдайында қызмет ететіндерге
қосымша демалыс беру бойынша шығындар;
С
6
– зиянды еңбек жағдайында қызмет ететіндерге қосымша
үстемақы төлеу бойынша шығындар;
С
7
– ауыр және зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыс ауысымы
ұзақтығының қысқаруына байланысты шығындар;
С
8
– уақытша еңбек қабілеттілігін жоғалтып, зақымданған және
ауырған мамандарды ауыстыруға кеткен шығындар;
С
9
, С
10
– бүлінген ғимарат, қондырғы және құрал
саймандардың
бағасымен оларды жөндеуге кеткен шығын;
С
11
– зардап шегушілерді ауыстырған, жұмысқа жаңа тұрған
жұмысшыларды оқыту немесе зардап шегушілердің біліктілігін
көтеруге байланысты кеткен шығындар
С
12
, С
13
– зардап шегушілердің клиникалық және амбулаториялық
емдеуге кеткен шығыны;
С
14
, С
15
– еңбек процесінде зардап шегу нәтижесінде зақымданып
және аурып, уақытша еңбекке жарамсыздық, зақымдану салдарынан
мүгедектік немесе қайтыс болу кезінде қосымша тамақтанудың
болмауына байланысты шартты шығындар.
С
16
– зақым мен ауру салдарынан мүгедек болған жағдайда зардап
шегушіге төленетін зейнетақыға байланысты шығын;
С
17
– жазатайым оқиға кезінде қайтыс болып, асыраушысынан
айырылғандарға төленетін пенсия шығыны;
Бір жұмысшыға келетін, экономикалық шығын көрсеткіші Э
Р
Э
Р
= П / Р (7.3.11)
әрбір зардап шегушіге келетін, экономикалық шығын көрсеткіші
Э
N
Э
N
= П / N (7.3.12)
40
Жоғарыда келтірілген және басқа да көрсеткіштер көмегімен
зақымдану мен кәсіби аурудан болған шығын динамикасын кез
келген
уақыт (жыл, квартал, ай т.б.) аралығында талдауға болады. Сонымен
қатар экономикалық әдіс арқылы еңбек қорғау бойынша шаралардың
тиімділігін зерттеп, бір уақыт аралығында(көбінесе бір жылға) іс-
шараға дейінгі және одан кейінгі шығындардың көрсеткіштері
салыстыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |