Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет9/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

2.1 Бірінші деңгей стандарттары
 
Бірінші деңгей стандарттары ұйымдастырушылық - әдістемелік 
болып табылады. Олар жүйенің негізгі ережелерін және құрылымын 
орнатады және барлық төмен жатқан деңгейлердің стандарттары үшін 
негіз 
ретінде 
қызмет 
етеді. 
Ұйымдастырушылық-әдістемелік 
стандарттардың қосалқы жүйесі барлық жүйе үшін терминологияны, 
қауіпті және зиян өндірістік факторлардың классификациясын, 
жұмыскерлерге жұмыстарды жүргізудің қауіпсіз әдістерін оқыту
сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі саласында метрологиялық қамтамасыз ету 
және ұйымда еңбекті қорғауды басқаруға жалпы талаптарды орнатады.
Осы қосалқы жүйеге жататын 12.0.003 – 74 МЕМСТ «ЕҚСЖ. 
Қауіпті және зиян өндірістік факторлар. Классификация» қауіпті және 
зиян өндірістік факторлардың сыныптамасын белгілейді және адам 
ағзасына олардың әрекет ету табиғатына сәйкес келесі топтарға бөледі:
физикалық (қозғалатын машиналар және механизмдер, бұйымдар 
және соған ұқсас жарақат туғызатын объектілер; жұмыс аймағы 
ауасының төмендетілген немесе жоғарылатылған температурасы; шу, 
вибрацияның жоғары деңгейі және т.б.);
химиялық, солардың ішінде ағзаға өту және тыныс алу органдары, 
ішек-қарын жолы, тері және шырышты қабық арқылы әрекет ету 
бойынша ажыратады; ықпал ету сипаты жағынан жалпы улағыш, 
қоздыратын, түршігетін, канцерогенді (рак туғызатын), мутагендік және 
ұрпақ жаңғырту қызметіне әсер ететіндер
биологиялық, оған микро және макро ағзалар жатады;
психофизиологиялық, олар өз кезегінде физикалық және жүйке-
психикалық деп бөлінеді.
Бұдан басқа 12.0.003 – 74 МЕМСТ өндіріс факторларының қауіпті 
және зиян факторларының түрлері бойынша стандарттарға талаптарды 
қамтиды. Бұл стандарттар: кіріспе бөлімді, қауіпті немесе зиян ықпал 
етудің қысқаша сипаттамасын, шекті ұйғарынды деңгейлерді немесе 
концентрацияны және оларды бақылау әдістері, жұмыс істейтіндердің 
қорғану әдістері мен жабдықтарын қамту тиіс. 
ЕҚСЖ. Еңбек қауіпсіздігін оқытуды ұйымдастыру. Жалпы 
ережелер» 12.0.004 – 96 МЕМСТ жұмысшылардың, инженерлік-
техникалық жұмыскерлер мен кәсіпорындарда және ұйымдарда қызмет 
ететіндердің еңбек қауіпсіздігі мәселелерін оқытудың бірегей тәртібін 
және түрлерін белгілейді. Стандартта жаңа жұмысшыларды оқытудың 
ұйымдастырылуына, нұсқамалықтарды өткізу, біліктілікті арттыруға 
талаптар баяндалады, оқу бағдарламаларын құрастыруға, білім тексеруге 
талаптар айқындалады және оқытудың тіркеу нысандары ұсынылады.
Менеджмент 
қағидаттары 
негізінде 
еңбекк 
қауіпсіздігін 
қамтамасыз етудің жаңа нысандары мен әдістерін реттейтін «ЕҚСЖ. 


18 
Ұйымда еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесіне жалпы талаптар» 12.0.006 
– 2002 МЕМСТ ерекше атап өткен жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет