52
күнге дейін азайтып, оны қызметкердің күніне 4 сағат ғана жұмыс
істеуімен түсіндірді. Жұмыс берушінің шешімі дұрыс па?
№ 14 жағдай
Жұмысшы 2010 жылдың 10 тамызында 35000 тыс еңбекақымен еңбек
қорғау инженері болып жұмысқа орналасты. Сол күні, яғни 10 тамыз
күні ауырып калып, содан кейін 10 жұмыс күні үшін еңбекке
жарамсыздық парағын тапсырды. Ұйымда 5 күндік жұмыс кестесі.
Қызметкер еңбекке жарамсыздық парағының төлеміне талаптана ала ма?
№ 15 жағдай
Ауысымды
жұмыс
тәртібі
орнатылған
кәсіпорында
қажетті
жұмыскерлер санының болмауы салдарынан кәмелетке толмаған
қызметкерлер екінші ауысымдағы түнгі уақытқа жұмысқа тартылды.
Әкімшіліктің осы іс қимылы заңды ма?
№ 16 жағдай
Он сегіз жасқа толмаған азаматпен ауыр еңбек жұмыстарын атқаруға
еңбек келісім шартты жасалынды. мұндай іс-әрекеттер еңбек
заңнамасымен рұқсат етілген бе?
Достарыңызбен бөлісу: