Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет24/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


50 
Іскерлік жағдайларды шешу 
 
№1 жағдай
Қызметкер сынақ мерзімімен жұмысқа орналасты, бірақ ешқандай 
келісім шартқа қол қоймады, танысу үшін лауазымдық нұсқаулықты 
алмады. 
Бұл құжаттарды әкімшіліктен қалай талап етуге болады? 
 №2 жағдай 
Қызметкер ұйымға бухгалтер лауазымына 3 ай сынақ мерзімімен 
жұмысқа орналасты. Бір айдан соң штат кестесіне сәйкес бас бухгалтер 
лауазымына тағайындайды. 
Бұл жағдайда сынақ мерзімі жалғастырылады ма немесе қайта 
белгіленеді ме? 
№3 жағдай 
Қызметкер ЖШС-ке 2 ай сынақ мерзімімен жұмысқа орналасты. Сынақ 
мерзімін өту кезінде жұмыскер ауырып, еңбекке жарамсыздық парағын 
тапсырды.
№4 жағдай 
Ұйымда әрбір қызметкерге лауазымдық нұсқаулар әзірленіп және 
бекітілген. Қаржы бөлімінің бастығы осы бөлімінің маманына оның 
міндеттері кірметін жұмысты орындауға тапсырма берді. Кейін маман 
тапсырманы орындаудан бас тартқан соң, оған сөгіс жарияланды. Бір ай 
өткен соң, жағдай қайталанады. Маманды заңнамаға сілтеме жасай 
отырып, жұмыстан шығарады: Қазақстан Республикасы Еңбек 
кодексінің 54 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес - 
қайталап орындамағаны үшін немесе еңбек міндеттерін себепсіз 
тиісінше орындамағаны үшін және егер оның жеке ісінде тәртіптік сөгісі 
болса. Бұл жағдайда қандай заң бұзылушылықтар орын алған? 
№5 жағдай 
Кәсіпорында еңбек және жалақы бөлімінің маманы ауырып қалды, оның 
қызметін жедел түрде орындау қажет. Кадр бөлімі өндірістік 
қажеттілікке байланысты қойма нормалаушысына уақытша еңбек және 
жалақы бөлімінің маманының орнына оның шұғыл жұмыстарын 
орындау мақсатында бұйрық шығарды. Бірақ нормалаушысы қызметкер
жазбаша келісімінсіз оны мәжбүрлеуге құқығы жоқ деп санап, бұйрықты 
орындаудан бас тартты. 
№6 жағдай 
Кәсіпорында автокөліктерді жөндеу жөніндегі слесарьді басқа 
құрылымдық бөлімшеге жіберу қажеттілігі туындады. Егер бұрынғы 
жұмыс тәртібі бойынша жұмыс күні сағат 8-ден 17-ге дейін, түскі үзіліс 
сағат 12-ден 13-ке дейін және еңбек ақыны мерзімді уақытымен алып 
тұрса, жіберілген бөлімшесінде слесарь ауысымды жұмыс режимінде 
жұмыс істеуге тиіс және келісімді еңбек ақы төленеді. Кадрлар бөлімінің 


51 
маманы ауыстыру туралы бұйрық дайындады, ал қызметкер келіспей 
және оның келісімімен "ауыстыру" тұжырымын талап етеді. 
№7 жағдай 
Қызметкер тұрақты түрде, ай сайын есепшіге еңбекке жарамсыздық 
парағын 10 жұмыс күні мерзімі үшін ақы төлеу мақсатында тапсырады. 
компания басшысы қызметкерді Қазақстан Республикасы Еңбек 
кодексінің 54 бабының 1- тармағының 4) тармақшасына сәйкес 
жұмыстан шығаруға құқығы бар ма (ауру салдарынан)? 
№8 жағдай 
Қызметкер жұмыс уақытында 2 сағат себептерсіз жұмыста болмады. 
Жұмыс беруші Еңбек Кодексінің 54 бабы 1 тармағының 6) 
тармақшасына сәйкесбір жақты тәртіппен келісім шартты бұзды. Жұмыс 
берушінің іс қимылы Заңды ма? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет