Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет26/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

№ 17 жағдай 
Он сегіз жасқа толмаған қызметкер ойын бизнесі саласына жұмысқа 
қабылданды. 
№ 18 жағдай 
Он сегіз жасқа толмаған қызметкер өткізу (сбыт) саласына жұмысқа 
қабылданды. Онымен толық материалдық жауапкершілік туралы шарт 
жасалды 
№ 19 жағдай 
Компанияда түскі ас ішу үшін белгіленген үзіліс -15 минуттан аспайды. 
түскі үзілістен кешіккен жағдайдажазықты қызметкерге 1000 теңге 
мөлшерінде айыппұл қолданылады. Қызметкерлері жұмыс берушіге осы 
сұрақты қайта қарауды сұрап өтінішпен жүгінді.
№ 20 жағдай 
Кәсіпорында шикізат пен материалдардың болмауына байланысты 6 
сағатқа жұмыс тоқтатылды. Жұмыс уақытын есепке алу кезінде де және 
жалақыны есептеу кезінде де жұмыс беруші жұмыс уақытын есепке алу 
табелінде де бұл сағаттарды есептемеді. Жұмыс берушінің бұл шешімі 
заңды ма? 
№ 21 жағдай 
Қызметкермен еңбек шартын 2010 жылғы 1 сәуірден 2011 жылдың 31 
наурызына (соңғы жұмыс күні) дейінгі мерзімге жасалынды. Еңбек 
шарты мерзімінің аяқталуы деп қай мерзімді атауға болады? 
№ 22 жағдай 
Қызметкер уақытша бала күтімі бойынша демалыстағы қызметкердің 
орнына жұмысқа қабылданды. Қызметкер жұмысқа қайта шыққан 
жағдайда, еңбек келісім шартының аяқталу мерзімі деп қай күнді 
есептейміз? 


53 
№ 23 жағдай 
Жұмыс берушінің бастамасымен қызметкердің өз лауазымына сай 
келмеуіне байланысты жұмыстан босатты. Қызметкер аттестациалық 
комессия құрып, онда қызметкерлердің өкілуінің қатысуын талап етеді.  
№ 24 жағдай 
Қызметкер ай сайын 10 және одан көп күн ауырады. Еңбек Кодексінің
54 бабы, 1-тармағының 4) тармақшасы сәйкес жұмыстан шығаруға 
болады ма?
№ 25 жағдай 
Кәсіпорын басшысы қосымшада жұмыс жасайтын қызметкермен келісім 
шартты бұзды, себебі сол қызметкерді толық жұмыс күніне қабылдауға 
өндірістік қажеттілік туындады. Жұмыс берушінің бұл шешімі заңды 
ма? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет