Кулакова н. Ф. Романенко с. В. Акишева э.Қ. ЕҢбек қОРҒаудың ҚҰҚЫҚТЫҚ негіздері


-бап. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы



Pdf көрінісі
бет68/97
Дата02.11.2022
өлшемі1,11 Mb.
#46899
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   97
Байланысты:
enbek korgau elektrond k oku kural (2)

157-бап. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымы 
1. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымын тараптар бас
салалық және өңірлік келісімдерге сәйкес айқындайды. 
Ұжымдық шартқа: 
1) 
еңбекті 
нормалау, 
еңбекке 
ақы 
төлеу 
жүйелері, 
жұмыскерлерге, оның ішінде ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары 
зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге 
арналған тарифтік мөлшерлемелер мен айлықақылар, үстемеақылар 
мен қосымша ақылар мөлшерлері туралы; 
2) разрядаралық коэффициенттерді белгілеу туралы; 
3) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығы, еңбек 
демалыстары туралы; 
4) саламатты және қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау 
туралы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды 
қаржыландыру көлемі туралы, денсаулық сақтауды жақсарту туралы; 
5) кәсіптік одақтың қызметі үшін жағдай жасау туралы; 
6) ұжымдық шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі 
туралы; 
7) жұмыскерлер мен жұмыс берушінің ұжымдық шарттың 
орындалуын бақылауы және ол үшін жауаптылығы туралы; 
8) жұмыс берушінің жұмыскерлер өкілдерінің пікірлерін есепке 
алуды талап ететін актілері туралы; 
9) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру 
туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 1-тармағына сәйкес 
зейнеткерлік жасқа толған адамдарды ауыр жұмыстарға, еңбек 
жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға жіберу тәртібі 
туралы ережелер енгізіледі. 
2. Ұжымдық шартқа: 
1) еңбекті ұйымдастыруды жақсарту және өндіріс тиімділігін 
арттыру туралы; 
2) жалақыны индекстеу тәртібі туралы; 
3) босатылатын жұмыскерлердің жұмыспен қамтылуын, оларды 
даярлауды, біліктілігін арттыруды, қайта даярлауды және жұмысқа 
орналастыруды қамтамасыз ету туралы; 
4) даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан 
өтетін жұмыскерлерге, сондай-ақ жұмысты оқумен қоса атқаратын 
жұмыскерлерге берілетін кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы; 
5) жұмыскерлердің тұрғын үй және тұрмыстық жағдайларын 
жақсарту туралы; 
6) жұмыскерлерді сауықтыру, санаторий-курорттық емдеу және 
олардың демалысы туралы; 
7) кәсіптік одақ органдарына сайланған жұмыскерлерге, сондай-
ақ сайланбалы өкілдерге кепілдіктер және олардың қызметін жүзеге 
асыру үшін жасалатын жағдайлар туралы; 


112 
8) кәсіптік одақ мүшелері болып табылатын жұмыскерлермен 
еңбек шарты бұзылған кезде кәсіптік одақ органының уәжді пікірін 
ескерудің тәртібі туралы; 
9) жұмыскер зейнеткерлік жасқа толған кезде жұмыс берушінің 
бастамасы бойынша еңбек шартын бұзған жағдайдағы өтемақы төлемі 
туралы; 
10) жұмыс берушінің орналасқан жерінен немесе жиналатын 
жерден жұмыс орнына дейін және кері қайтқанда жұмыскердің жолда 
болған уақыты үшін өтемақы төлемі туралы; 
11) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру 
туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған, жүктілікке және 
босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты 
табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем сомасын 
шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып, жүктілікке және 
босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) 
асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалысқа ақы төлеу туралы; 
12) жұмыскерлер мен жұмыс берушінің өздері келтірген нұқсан 
үшін жауаптылығы туралы; 
13) ерікті зейнетақы жарналары туралы; 
14) жұмыскерлерді және олардың отбасыларын медициналық 
сақтандыру кепілдіктері туралы, қоршаған ортаны қорғау туралы; 
15) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу 
үшін жұмыскердің қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда, оның 
пайдасына жұмыс берушінің қаражаты есебінен ерiктi зейнетақы 
жарналарын жүзеге асыру туралы; 
16) жұмыскерлерді Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының 
негіздеріне оқыту жөніндегі іс-шаралар туралы; 
17) жәрдемақылар мен өтемақы төлемдері, оның ішінде еңбек 
қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезіндегі төлемдерді төлеу 
туралы; 
18) тараптар айқындаған және осы Кодексте айқындалған басқа 
да мәселелер бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушінің өзара 
міндеттемелері енгізілуі мүмкін. 
3. Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының еңбек 
заңнамасымен, бас, салалық, өңірлік келісімдермен салыстырғанда 
жұмыскерлер жағдайын нашарлатпауға тиіс. Мұндай ережелер 
жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс. 
Ескерту. 157-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 483-
V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он 
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 


113 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет